САНАСЫЗ СИЫРДЫҢ ЖАЗЫҒЫ НЕ?

Бір кезде өзім редактордың орынбасары болып ұзақ жыл жұмыс жасаған «Дендер» газетін үнемі қадағалап оқимын. Өйткені, ауылымызбен аудандағы жаңалықты білмей, облыс, республика жаңалықтарымен шектелу өз тіршілігіміздің қыр-сырын жете білмеуге соқтыратыны сөзсіз. Газеттің 4 наурыздағы №9183691 санын қарағанымда «Сиырға соқтығысып, шығынға батқан» деген хабарды оқығанда өмірде түрлі тіршілік келеңсіздіктері кездесетініне көзім жетті.

Әрі хабарды оқығанда ертеде ел аузында жүрген бір әңгіме еске түсті. Онда бір шал көрші ауылға келе жатып жолда ойнап жүрген балалардан жол сұрау үшін жақындағанда балалардың шуылынан және бір-біріне лақтырған бөркінен аты үркіп тулап, шал аттан құлап мерт болыпты. Көршілері өлген шалдың құнын сұрап дау шығарған. Бірақ дау бітпей бірнеше күнге созылыпты.

Мұны байқап жүрген бір жас бала: «Егер маған сенсеңіздер даудың билігін мен айтамын. Бірақ мен жобалай билік айтамын»,-депті. Ақсақалдар келісіпті. Сонда бала кінәлі біреу емес, төртеу депті. «Біріншіден, басқа ересек жөні түзу адам таппай, балалардан жөн сұраған шал кінәлі. Екіншіден, ойнап жүрген балалар кінәлі. Үшіншіден, қ о л д а н - қ о л ғ а л а қ т ы р ы л ғ а н б ө р і к кінәлі. Төртіншіден, өмірде ештеме көрмегендей, бөріктен үріккен ат кінәлі. Шалдың құнын осы төртеуі бөліп төлесін»,-депті. Ақсақалдар баланың жобалау билігіне келісіпті. Содан бастап жас бала Балаби атаныпты. Ж о ғ а р ы д а ғ ы г а з е т т е г і ш а ғ ы н мақаланы оқығанда ойыма әртүрлі ой тізбектері оралды. Біріншіден, саналы жүргізуші азамат санасыз малдан, дәлірегі оның иесінен машинаның бүлінген жерін талап етуі өте жөнсіз.

Жолдағы адырайған сиырды көрмей қалайша соғысады? Жүргізушінің соқыр емес екені белгілі ғой. Мүмкін, қолы рульде болғанымен, өзі басқа бір шаруаны ойлап келе жатқан болар. Қандай жағдай болса да, түйсігінін саңылауы бар жүргізушінің де кінәсі жоқ емес бұл жерде. Екіншіден, трасса бойында мал өтетін жерде жылқыны, сиырдың макеттері орнатылған ғой. Бұны неге ескермеген?.. Ү ш і н ш і д е н , Қ а з а қ с т а н н ы ң ж о л ережесіне сәйкес, кез келген жүргізуші ауыл тұсынан өткенде міндетте түрде жылдамдығын сағатына 40-50 километрден асырмауы керек емес пе? Жол жиегінде жайылған түйе де, жылқы да автокөлік келе жатқанда жолды кесіп өтеді.

Ал сиыр ызғыған, жүйткіген көліктерден үрікпейді де. Сонда біз жол қозғалысы жөніндегі ережені сақтау үшін бірінші кімнен жауапкершілік сұрауымыз керек? Саналы жүргізушіден бе, әлде санатүйсіктен мақұрым төрт түліктен бе? Бұл ойыма газет оқырмандары не дер екен?

К.САХИ,

Индербор кенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT