Салық есептілігін ұсыну мерзімін қалай ұзартуға болады?

Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел дәрежесі төмен кәсіпкерлер салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзарту мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік кірістер комитетінде осы мүмкіндікті кім және қалай пайдалана алатыны туралы айтылған.

Салық есептілігін электронды түрде табыс еткен жағдайда салық төлеушіге салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріледі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтар бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімін ұзартуға болмайды.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына хабарлама жібереді.

Мұндай хабарламаны "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы да жіберуге болады.

Хабарламаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін жіберуге болады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін мынадай мерзімдерге:

- КТС немесе ЖТС декларациялары бойынша отыз күнтізбелік күнге дейін;

- салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты күнтізбелік он бес күнге дейін;

- тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартуға болады.

Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебіне қолданылмайды.

Ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін өзгертпейтінін ескеру қажет.

Арнайы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды. 

Индер ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

бас маман Н.Т. Болатов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521