Индер ауданындағы мектептер аптаның алғашқы күнін «Dender» газетінің жаңа санына шолудан бастайды.
Бұл туралы әрбір мектеп әлеуметтік желілерге жариялай бастады. Мысалы, таңертеңгілік үзіліс уақытында мектеп оқушылары ауданымыздың төл газеті, жаңалық жаршысы «Dender» газетімен, аудан жаңалықтарымен танысады. Онда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген шаралармен, “Алтын Орданың 750” жылдығына орай “Ұлық ұлыс-Алтын Орда” тақырыбындағы, “Тәуелсіздіктің 30 жылдығына” орай өткізілген “Ұландар елім деп ұрандатты” атты жас ақындар айтысы, “Рухани жаңғыру” аясында өткен шаралармен танысып, көптеген мағлұматтар алғанын атап өтеді.
Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Тұрсынай Әренова:
-Аудандық басылымның жаңа санымен танысуды әрбір аптаның алғашқы күнінен бастап қойып отырмыз. Әзірге барлық мектептерде сынып жетекшілері газетке шолу жасап, маңызды мақалалар бойынша түсіндіруде. Алдағы уақытта бұл істі сыныптың белсенді оқушылары жалғастыратын болады. Қазір интернет дамыған заман болса да, аудандық басылымның орны бөлек. Газетте ауданның әлеуметтікэкономикалық тынысымен қатар оқушылардың жетістіктерін көреміз. Сондай-ақ, оқушылар ата-аналарының, аға-апаларының елге сіңірген еңбектерімен де танысады. Мұның бәрі балалардың газет пен кітап оқуға құмарлығын арттырады, әрі өздерін алға жетелейтін мотивация болары сөзсіз, - дейді
Саламат БАЗАРБАЕВ