«Маржан қыз» әніне — 70 жыл (ВИДЕО)

Тәуелсіздіктің отыз жылдығына «30 игі іс» бастамасына үн қосқан аудандық ардагерлер кеңесі Еңбек Ері Маржан Енбаеваға арнап шығарылған «Маржан қыз» әнінің 70 жылдығына орай арнайы шара ұйымдастырды.

Шараны кеңес төрағасы Өтеп Нұриев ашып, оның жоғарыда аталған мақсатын әңгімеледі. Шараға қатысушылар хормен «Маржан қыз» әнін шырқады.

dsc_0011

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы ауданнан шыққан 16 Еңбек Ерімен таныстырып, әрқайсысының ерекшеліктеріне тоқталды. Ауданда 11 Маржан есімді қыз-келіншектер барлығын да сөз етті.

dsc_0005

Шара барысында сөз алған Ж. Өмірбаев, елтайлық Т. Темірболатов Еңбек Ері Маржан Енбаева туралы естеліктерге ерік берді. Ардагерлер кеңесі бөлмесінде Еңбек Еріне арналған арнайы көрме ашылып, көпшілікті сол көрмеге және арнайы шыққан кітапты оқуға шақырды.

dsc_0012

dsc_0007

Шара соңында экран арқылы қытайлық қазақ қызының «Маржан қыз» әнін ерекше мәнермен орындауы тыңдалды.

С. Халықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз