Мал іздеп шығып адасып қалған азамат құтқарылды (ВИДЕО)

Индер аудандық полиция бөліміне 20 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында Өрлік ауылының тұрғынынан осы ауылға қарасты «Көкат» шаруа ​ қожалығының ​ жұмысшысы 51 жастағы Аманкелді Есов мал айдап белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аудан полицейлері жедел іздестіру жұмыстарын хабарлама түскен сәттен бастағанмен, бір күн бойы іздестіру шарасы ешқандай нәтиже бермеген.

Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын тоқтатпай, нәтижесінде​ келесі күні яғни 22 қыркүйек ​ таңғы сағат 03:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының ​ Жаңақала ауданы Мәштісай ауылының «Сабила Құдық» учаскесінің шабындық жерінен табылады. Жолдан адасып, екі күн бойы азықтанбағай, әбден әлсіреп, оның үстіне жауын астында қалған азаматқа полицейлер дереу алғашқы көмек көрсетіп,киімдерін ауыстырып, аман-есен үйіне жеткізді.

«Көкат» шаруашылығының қожайыны Индер ауданының полицейлеріне жұмысшы Аманкелді Есовты дер кезінде тауып, көмек көрсеткендері үшін бейнежазба арқылы алғысын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз