Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген еліміздің бас газеті «Еге мен Қазақстанда» жарияланған сұхбаты көпшіліктің көкейінен шығып, еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдары бетінде қызу талқылануда. Президенттің ауқымды сұхбаты биліктің барлық тармақтарына үлкен жауапкершілік пен жалпы қоғамға айтарлықтай ой салады.
Мемлекет басшысы сұхбатта бірқатар өзекті сұраққа егжей-тегжейлі жауап беріп, ел дамуының алдағы жылдардағы стратегиялық бағдарын баяндаған. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, соңғы жылдарда Қазақстанда аса маңызды саяси реформалар жүргізілді. Соның нәтижесінде билік тармақтары арасында тежемелік пен тепе-теңдіктің тиімді жүйесі құрылды. Өткен жылы алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері сай ланды. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты. Был тыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланған.
Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтерді. Ауылдарда денсаулық сақтау ны сандары салынып жатырғанына тоқталып өткен. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сұхбатта экономикалық дамудың негізгі басымдықтарын да нақты атады. Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдана алса, жаңа айтылған жақсы болжамдар ақиқатқа айналады. Осы орайда негізгі екі бағытқа тоқталып өтеді.
Біріншіден, еліміздің өркендеуіне жол ашатын бірқатар нақты міндетті шешу қажет. Сондай міндеттің бірі – ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру. Қыркүйектегі Жолдауда Үкіметке мұндай жобаларды анықтау және Инфрақұрылымды дамыту жоспарын әзірлеу туралы тапсырма берілді. Тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту. Бұл міндетті орындауға жекешелендіру және активтерді қайтару науқандары да септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Осы орайда Мемлекет басшысы жақында Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты.
Президентіміз қасіретті қаңтар оқиғасының себебі мен оған не түрткі болғанына да назар аударды. Тергеу нәтижелері мен осы оқиғадан бәріміз қандай сабақ алуымыз қажет екеніне де жан-жақты тоқталған. Қоғамда көптен бері айтылып та, талқыланып та жүрген түйткілдің бірі – қос билік мәселесі.
Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты да нақты әрі ашық түсіндіріп жауап бергені халықтың көңілінен шығуда. Мемлекет дамудың қазіргі кезеңінде мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттерді белгілеп берді. Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзінше, бүгінде әлем бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болып отыр. Дегенмен, кез келген жүйелік дағдарыс қауіптердің кең ауқымын тудырумен қатар, өзімен бірге жаңа бірегей мүмкіндіктерді де алып жүреді. Сондықтан бізге сол мүмкіндіктерді жіберіп алмау жолында күш біріктіріп, бірлесе жұмыс істеу маңызды. Бұл сұхбатында Қасым-Жомарт Кемелұлы ел мен қоғамның дамуына қажетті құндылықтарға да ерекше тоқталды.
Елдік мақсатта артқа алаңдамай, ұзақ мерзімді мақсаттарды басшылыққа ала отырып, алға ұмтылу маңызды екеніне басты на зар аударды. Яғни, біз өткенімізбен ғана мақтанып, өзіміз ештеңе істемей, жетістікке жете алмайтынымыз хақ. Бұл – қоғамды тығырыққа тірейтін алдамшы түсінік. Сондықтан, қандай қиындықтан өткенімізді бағамдайтын кезде ғана ауызбіршілік танытпай, баянды болашаққа да бірге қадам басуымыз қажет. Дүниетанымымызға жат мәдениеттерге көзсіз еліктеуден, жалған патриотизмнен, даңғойлық пен дарақылықтан сақтануымыз керек.
Президентіміздің сөзінше, қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс. «Еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар. Халқымыздың қуатын арт ты рып, табысқа жетелейтін осын дай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз.» - деп Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттық мүддемізге ерекше мән берген.
Мемлекет басшысы бұл сұхбатында көптің көкейіндегі жүрген келелі мәселелермен қатар еліміздің сыртқы саясатына да ерекше тоқталып өтеді. Өйткені, қандай да болмасын мемелекеттің өміршеңдігі мен экономикасының орнықты дамуы – сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге, дипломатияға байла нысты. Бұл орайда, біздің үлкен артықшылығымыз – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы сыртқы саясатты өте жетік білетін, он жыл Сыртқы істер министрі болған, БҰҰ-да қызмет еткен әлемдік деңгейдегі халықаралық дипломат. Сондықтан сыртқы саясат саласындағы ауқымды жұмыстарды атқаруда Мемле кет басшысының әлемдік дипломатиядағы абырой-беделі мен мол тәжірибесі белгілі бір дәрежеде оң ықпал ететіні анық. Мемлекет басшысының айтуынша, ұлт мүддесін ескере отырып, биылғы жылы да сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастыратынымыз көңілге үлкен сенім ұялатады.
Сондай-ақ, Президентіміз сұхбатта 2024 жылы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі үлкен шараларға ұйытқы болуы тиіс аса маңызды міндеттерді белгілеп берді. Қазақстан өңірлік және халықаралық деңгейдегі бірқатар ықпалды ұйымдар мен бірлестіктерге төрағалық етеді. Атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына Қазақстанның төрағалық етуі еліміздің беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биылғы жылы елімізде бірқатар ауқымды халықаралық саммиттер, форумдар өтетінін айтты. Мемлекет басшысы рухани-мәдени салада биылғы жыл өткен тарихымызды түгендеп, ұлттық рухымызды көтеретін жыл болатынын баса айтты.
Осы орайда, мемлекетіміз ұлттық тарихымызды түгендеу, тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Президент Қ.Тоқаев тарихи даталарды атап өту – ұлттық сананы жаңғыртып, ұрпақ тәрбиелеуде ой қорыту екенін баса айтып жүр. Биыл Президент тап сырмасымен әзірленген Қазақстан тарихының көптомдығы жарық көреді. Бұл ауқымды жұмысқа 200-ден аса жергілікті, 60-тан аса шетелдік маман атсалы сты. Биыл қазақтан шыққан айтулы ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125-жылдығы, Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100-жылдығы, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100-жылдығы тойланады. Биылғы жылы Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалауға негіз болған ұлыстың тарихына терең зерттеулер қолға алынады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы сұхбатта ұлттық бірегейлікті айшықтап, ел бірлігін нығайта түсу үшін қазақтың төл жаңа жылы Әз Наурызды ерекшелеп, мазмұнын байытып, жаңаша атап өтуді ұсынды. «Өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы.Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін.» - деген Президенттің Әз Наурызды жаңаша атап өту ұсынысын қуана қолдаймыз.
Кеңес империясы бұдан бір ғасыр бұрын 1926 жылдан бері тойлауға тыйым салған Наурыз мейрамы елімізде алғаш рет 1988 жылы жаңғырып, тойланды. Демек, халқымыз биыл Әз Наурызды 36-шы жылы жоғары деңгейде жаңаша тойланады деп күтуде. Мемлекет басшысының сұхбатында осы мен атап өткен салалармен қатар, ел өміріндегі барлық маңызды мәселелер жан-жақты талқыланған. Онда қоғамды алаңдатқан көптеген сауалға нақты жауап берілген. Жұртшылықтың бүгінгі баспасөз беттерінде жарияланған ой-пікірлері мен әсерлеріне қарап-ақ, қазақстандықтар сұхбатта айтылған ойларды толықтай қолдайды деуге толық негіз бар.
Гүлсім ЕҢСЕПОВА,
Дипломат, ҚР Ақпарат саласының үздігі,
филология ғылымдарының кан дидаты,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
ауданның Құрметті азаматы, Астана қаласы