«Квест» интеллектуалдық ойындарының жүлдегерлері анықталды

Атырау облыстық «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі және «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарының арасында «Квест» интеллектуалдық ойындары ұйымдастырылды.

Облыстық ораторлар клубының жетекшісі Нұрлан Азаматов жүргізген ойынға аудан бойынша 6 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Лэд экран арқылы қойылған сауалдардың жеңілі болмады десек қателеспесіміз анық. Дейтұрғанмен әр са- лада қызмет ететін жастар өз әріптестерінің үкілеген үміттерін ақтауға барын салды. Шараны ұйымдастырушы "Атырау - адалдық алаңының "менеджері Дауылпаз Қабдоловты сөзге тартқанымызда: -«Брейн-Ринг» және «Квест» сайыстары алғаш рет Индер ауданында басталып жатыр. Алдағы уақытта өзге аудандарда жалғасын табады.

trening-3

Ойындардың басты мақсаты – біріншіден қоғамдағы қылмысқа 0 төзімділікті, ашықтықты қалыптастыру және парасаттылықты насихаттау болып табылады. Жоғарыда аталған қасиеттер қатысушылардың бойынан табылып, жастар жемқорлыққа қарсы екенін дәлелдеп отыр, -деді. Сайыс қорытындысы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің «Жалын» тобы 1 орын, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Адалдық» тобы ІІ орын, Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің «Колледж» командасы жүлделі ІІІ орынға ие б олды.

Жүлдегер командаларға арнайы дипломдармен байрақтар табыс етілді.

trening2

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521