«Еріктілер – ел үшін!» колледж студенттері арасындағы облыстық конкурс аясында, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің «Колледж жастары» еріктілер тобының алғашқы бейнебаяны жарық көрді.
Бұл конкурсты «Атырау-Ақпарат» ЖШС, Атырау облыстық білім беру басқармасы және Атырау қалалық мәслихаты бірігіп ұйымдастыруда.
Айта кетейік, бұл конкурстың басты мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге атсалыстырып, еріктілікке баулу.
Байқау жыл соңына дейін жалғасады.