КІЛЕМ ЖУУ ДА – ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың әр Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға басымдық береді. Бұл бағытта іске асқан шаралар Индер ауданының кәсіпкерлік саласында да көрініс табуда.

Қазіргі күнде әйел адамдар кілемді қолмен жуғаннан гөрі, жуатындардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді. Көп қабатты үйдің тұрғындары ғана емес, жер үйде тұратындар да арнайы орындарда жуғызуға дағдыланып алды. Өйткені көлемді кілемдерді жуып, оны сығып кептіру көп күш пен уақытты талап етеді. Сондықтан халық арнайы мамандардың көмегіне жүгінуге көшті.

Қазір кілем жуатын орталық қала тұрмақ ауылдың өзінде бар. Мысалы, Көктоғай ауылында жас кәсіпкер Наурызбеков Батыржан Наурызбекұлының (суретте: сол жақта) «Батыр» кілем жуу орталығы бар. Оның ауылдағы химиялық тазалау пунктінде үлкен және кіші кілем түрлерінің бәрі жуылады. Батыржан Наурызбекұлының отбасы әуелден кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ауылда азық-түлік дүкендері бар. Бұған дейін ешкі қылын да, малдың терісін де саудалап, бизнестің түрлі тәсілдерін байқап көрген. Бірінде ауданда жоқ, бірақ қажет кәсіптің бірі кілем жуумен неге айналыспасқа деген ой туындайды. Осылайша 2020 жылдан бастап кілем жууды бастады. Әрине, алғашқы әзірде қолмен жуу оңайға соқпайды. Кәсіп ашу туралы ой пайда болғаннан бастап, көп ізденуге тура келді.

- Жас кәсіпкерлерді көтермелеуге берілген 3 млн теңге үлкен қолдау. Бірақ шынын айтқанда осыншама қаржы аппаратты Түркиядан алуға жолыма кетіп қалды, - дейді кәсіпкер Батыржан Наурызбекұлы.

Тәжірибе алмасу мақсатында Астана, Алматы, Өскемен қалаларына барып, кілем жуу орталықтарының жұмысымен танысады. Осы саланы дамытамын деп жүріп 2021 жылы Түркия елінің Измир, Бурса қалаларында ұйымдастырылған кілем жуу аппараттарының көрмесіне қатысады. Көргені көбейген ол кілем жуатын арнайы аппаратты алуға тәуекел жасайды. Осы орайда 2021 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 3 млн теңгелік грантқа қол жеткізеді.

Әрине, толықтай автоматтандырылған заманауи аппарат арзан тұрмайды. Өзінің көздегені "Ergin" компаниясының толықтай автоматтандырылған аппаратты Түркия елінен 20 млн теңгеге жас кәсіпкер өз қаражатына сатып алады. Кілем жуатын кәсіпкерлік нысанды үйінің ауласынан ашқан. Қазір мұнда кілем жуу тек жаз мезгілінде ғана емес, қыс мезгілінде де жүргізіле береді. Өйткені кәсіпкерлік нысаны толықтай жылумен қамтамасыз етілген. Алғаш ашылған кездегі көлемі 20/7 шаршы метр болса, қазір жұмыстың қарқынды дамуына байланысты ол 20/20 шаршы метр болып кеңейіпті. Мұнда кілем кептіретін арнайы орын да жасақталған. Қазір толықтай автоматтандырылған аппараттарда түрлі пішіндегі кілемдер жуылып, кептіріледі. Кілемге еш зақым келмейді, әрі ешқандай жағымсыз иіс болмайды. ауылдарының үздік жастары» байқауының жеңімпазы атанып, төсбелгісін тағады.

– Кілем жуу орталығын халық неғұрлым көп шоғырланған аудан орталығынан неге ашпадың? Ауданның ең шеткі ауылынан күнделікті тасымал жасап отыру қиындық тудырмай ма?

– Иә, өзіңіз айтқандай, тұтынушысы көп Атыраудан немесе Индербор кентінен де ашуға болар еді. Бірақ өзімнің туған ауылыма, тұрақты мекеннен ашқанды жөн көрдік, – деді ол.

Жас кәсіпкер алдағы жоспарында Көктоғай ауылының кіре берісінен арнайы кілем жуатын цех ашуды жоспарлап отыр екен. Сонымен қатар кілемнің шаңын қағатын арнайы аппарат алуды жоспарлап қойыпты. Отбасында әкесі Наурызбек Асқаров бұрын жүргізіші бо лып еңбек еткен. Анасы Айгүл Сүйінғалиева – ауылдағы Боран Нысанбаев атындағы орта мек тепте бастауыш сыныптарының мұғалімі. Жұбайы Құралай Аманғалиеваның мамандығы – дәрігер. Хамза және Хантөре атты кішкентайларын тәрбиелеп отыр. Мұндай аппарат Атырау об лысына қарасты аудандарда алғаш рет іске қосылған екен. Химиялық тазалау қызметтерін сапалы ұсынғандықтан, клиенттердің де қатары артқан. Жеке кәсіпкер кілемді өз көлігімен алып кетіп, жеткізіп береді. Қазір Индер және Махамбет аудандарына және көршілес Батыс Қазақстан облысына қарасты ауыл тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандырып отыр.

- Қазір күніне 100 кілемнің шамасында жуылып отыр. Тапсырысқа байланысты одан да көбейтуге мүмкіндігіміз бар. Ауылдан оншақты адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жұмысшылардың еңбекақылары орташа еңбекақы көлемінен жоғары. Сонымен қатар, кілем жуу кезінде белгіленген мөлшерден артық жұмыс жасаған кезде бонус ретінде үнемі қосымша сыйақылар беріліп тұрады. Кілем жууға тапсырыс беріп отырған көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты аналардың, жалғыз тұратын зей нет жасындағы үлкен кісілерге айтарлықтай жеңілдік жасалады, - дейді ол.

Алдыңғы жылы ауданды дамытуға үлес қосқаны үшін Батыржан Наурызбекұлы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ал былтыр Алматы қаласында өткен “Қазақстан Ауданда жыл сайын кәсіпкерлердің қатары артып, жаңа кәсіпкерлік нысандары бой көтеруде. Әсіресе осы тұста ауыл тұрғындарының бизнеске көптеп ден қоюы көңіл қуантады.

Саламат БАЗАРБАЕВ

Көктоғай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT