Кезінде обаны да жеңгенбіз

Аса қауіпті аурулар адамзатқа көне заманнан белгілі. Олардың жер бетін жайлаған пандемиясы миллиондаған адамдарды қырғынған ұшыратқан. Бұл пандемиялар Атырау өңірінде айналып (чуманың) обаның (сібір язвосының) қарасан, тиф (сүзек), мамера (безгек) табиғи ошақтары біздің өңірімізде әлі күнге бар.

«Қара оба», «Қызыл оба» «Көк төбе» деп аталатын қолдан жасалған үйінділер кезінде обадан қырылған адамдарды өртеп жіберетін. Халел Досмұхамедов өзінің кітабында обаны қалай жеңу керектігін, оның салдарын жоюға, қатысқан адам ретінде жақсы жазады. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың ел арасында таралуына халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті қатты әсер етеді. Орта ғасырда Европада етек алған (шума) оба пандемиясынан тек Париждің өзінде халықтың 1/3 қырылып қалған.

Осы оқиғадан соң Парижде канализация жүйесі салына бастаған, ал ол заманда Тараз, Отырар, Сарайшықта, т.б. қалаларда канализация жүйесі болған. Қалмақтардың айран ашыту үшін сүтке борсыған тышқан салатын әдеті болған. Соның салдарынан, әрі өлген адамды көмбей далада қалдыратын ғұрпынан «оба» пандемиясынан қырғынға ұшыраған.

Индер ауданында соңғы рет (Чума) оба ауруы 1993 жылы 27 шілдеде тіркелді. Индер борат руднигінің тауда жарылғыш зат сақтайтын қоймасы болды. Ол қойма айнала ормен қоршалған болатын. Сол ордың бас топырағына тышқан ін салған, ал тышқанмен бірге бүрге жүретіні белгілі. Тышқан арасында (чума) оба ауру болып шықты. Сол тышқандардың қанын сорған бүрге күзетшінің бірінің аяғын шаққан. Оның тез арада қызуы көтеріліп Индербордағы үйіне жіберілген.

Абырой болғанда науқас дәрігерді үйге шақырған, үйге барған дәрігер Есенғалиева Ұмсынай да сауаттылық танытып жәдел-жәрдем көлігін білікті дәрігер, инфекционист Байназарова Айтжан Жұбаназарқызына жіберген. Ол барған бойда (чума) оба диагнозын қойып, сол жерде карантин ұйымдастырып, науқас С.Қанатовты жұқпалы аурулар бөлімшесіне әкеліп, науқасты оқшаулаған және өзі сол науқастың қасында қалып тиісті орындарға хабар салған. Ауданда төтенше жағдай жарияланып, әскер алдырып Борат руднигінің жарылғыш заттар қоймасы мен 12 күзетшісін және науқастың үйін карантинге жаптық.

Облыстық обаға қарсы стансиясынан арнайы бригада мамандарымен келіп, Бөдене селосына орналастырдық. Ауданда штаб құрылып ережеге сай штаб бастығы қылып мені ауданның бас дәрігері ретінде тағайындады. Менің орынбасарым болып «Обаға қарсы стансасының» бірінші орынбасары А.Склеренко тағайындалды. Аудан мекемелері түгел штабқа бағынды, бұның барлығы алдын ала төтенше жағдайында ашылатын конвертте, мөрі соғылып даяр тұр екен тек айы, күні, жылы жазылмаған. Байназарова А.Ж. өте сауатты, дер кезінде жасаған іс-әрекеттері арасында «науқас жазылып шықты» ауру елге тараған жоқ, апаттан аман қалдық. Науқасты 35 тәулік бойы бақылауға алды. Ол кезде теледидарда, ұялы телефон, салқындатқыш құралдарым болған емес.

Айтжан апамызбен бірге болған медбикелер Зоя Жақсығалиева, Гүлшат Темірханова, т.б. медицина қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегі қазіргі медицина қызметкерлеріне үлгі болатын іс.

Біз «Коронавирусты» жеңіп шығатынымызға сенімдімін. Тек тұрғындар арасында үлкен жауапкершілік, шыдам, темірдей тәртіп, үлкен мәдениеттілік, еліне деген зор сүйіспеншілік керек. Осынау «сын сағатта» біздер қазақ халқы Дүние жүзіне өзіміздің күшті екенімізді дәлелдейтін сәт түсіп тұрғанын бәріміз сезінуіміз керек.

Ғазез ЕСҚАЛИ,

жоғары санатты дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521