«КЕЛЕШЕКТЕН» НЕ КҮТЕМІЗ?

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ БЕС ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «КЕЛЕШЕК» АТТЫ БІРЫҢҒАЙ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ. ӨЗ СӨЗІНДЕ ОЛ: «ЕЛІМІЗДЕГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМ БІЛІМГЕ ДЕГЕН СҰРАНЫСТЫ АРТТЫРАДЫ. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫСЫНДА ТҰТАСТЫҚ, ЯҒНИ ЖҮЙЕ ЖОҚ. ТІПТІ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ЖОҚ ДЕУГЕ БОЛАДЫ. СОНДЫҚТАН БЕС ЖАСТАН АСҚАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «КЕЛЕШЕК» АТТЫ БІРЫҢҒАЙ ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРАМЫН. БҰЛ БАҒДАРЛАМАДА МЕМ- ЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҰСЫНЫЛАТЫН БАСТАПҚЫ БІЛІМ БЕРУ КАПИТАЛЫ, ЖЫЛ САЙЫНҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙАҚЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАБЫС ҚАРАСТЫРЫЛУЫ ТИІС. ОСЫ ЖИНАҚ ПЕН «ҰЛТТЫҚ ҚОР - БАЛАЛАРҒА» ЖОБАСЫНЫҢ ҚАРАЖАТЫ ҚОСЫЛҒАНДА ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУЫНА МҮМКІНДІК ТУАДЫ» – ДЕДІ. БҰЛ ТАПСЫРМА ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесі бұл қазақстандықтардың көпшілігінің ақшасын үнемдеу және балаларын жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасауға бағытталған мемлекет тарапынан қолдау көрсету шарасы. Жүйенің негізгі мақсаты – әртүрлі көздерден (ата-ана, сақтандыру компаниясы, мемлекет) түсетін қаражатты бірыңғай жинақтаушы жүйесіне жинақтау және әрбір бала жоғары оқу орнына түсу жасына қарай жоғары білім алуды қолжетімді ету. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылған болатын. Бір айта кетерлігі, осы Ұлттық қор мен «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінде жиналған балалардың қаражатын біріктіріп, болашақта оқуға немесе баспанаға жұмсауға болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтқан еді.

– Бұл екеуі – екі түрлі бағдарлама. Бірақ бұл ақша оқуға түскен кезде бірігіп кетеді. «Келешек» бағдарламасына тоқталсақ, қазіргі таңда заңға өзгеріс енгізіліп жатыр. Сол себепті де қаражаттың қай банк арқылы берілетіні әлі нақтыланған жоқ. Бірақ банктерді таңдауда сенімді әрі қаржылай тұрақты банктерге басымдық берілетіні анық. Осы жылдан бастап кез келген ата-ана бан - ктерге барып, арнайы қорғалған есеп - шоттар аша алады. Ол жерге ең аз дегенде 1 АЕК көлемінде – 3450 теңге қаражат түсіп отырады. Бұл қаражат бала оқуға түскен уақытқа дейін жина - латын болады. Ата-аналар «Келешек» бағдарламасымен жинаған ақшасы мен Ұлттық қорда жиналған ақшаны сол кезде біріктіріп, баланың білім алу - ына жұмсай алады. Ал егер бала грант алатын болса, бұл қаражатты баспана сатып алуға жұмсай алады немесе оны бауырының оқуын төлеуге қалдыра алады. Бұл қаражатты жинаудағы ба - сты мақсат – балалардың жоғары білім алуына жағдай жасау,-деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Сондай-ақ, министр елімізде болашақта гранттар саны өзгеріп немесе азаюы мүмкін екендігін, сол себепті, қолданысқа енгізілгелі отырған бағдарлама ата-аналарға мемлекеттік грантқа сенім артпай, баланың оқуына алдын ала ақша жинауға мүмкіндік беретіндігін айтқан еді. Артықшылығын акелер болсақ, білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қорғаныстарының болуы. Яғни қаражаттарды жинақтаушы ата-ана мен күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда (1 немесе 2 топтағы мүгедектік, нәтижесінде еңбекке қабілеттілігін жоғалту немесе қайтыс болу) шарт бойынша сақтандыру жарналары тоқтатылады, бірақ сақтандыру мерзімінің соңында бала, кәмелеттік жасқа толғанға дейін қажетті жинақты алады. Сонымен қатар, бала 5 жасқа толған кезінде, бірақ 6 жаста емес, мемлекеттен 60 АЕК мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын алады. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 120 АЕК. Және бала 18 жасқа толған кезде жинақталған соманы ұлғайту мақсатында білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша барлық қолда бар жинақтарды және Ұлттық қорда жинақталған барлық жинақтарды біріктіру мүмкіндіктері бар.

Бұл дегеніміз - білім алуға жинақталған қаражаттың көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бастысы, салық жеңілдіктері қарастырылған. Үш және одан да көп жыл мерзімге жасалған Сақтандыру шарты бойынша ата-ана барлық төленген жарналар сомасының 10%-ы мөлшерінде салықтар төлеп (жылына 320 АЕК-ке дейін) үнемдей алады және 23% дейін жоғары кірістілік - 8% - сақтандыру компаниясынан кепілдендірілген табыс, 5-7% жылдық мемлекеттік сыйлықақы, 10% табыс салығы бойынша жеңілдік жатады. «Келешек» жүйесінің қатысушысы болу үшін ата-аналар «Халық-Life» АҚ-мен «Bilim Life» білім беру жинақтаушы сақтандыру шартын жасасуы қажет, бұл жерде ата- аналардың жинақтарынан басқа, мемле- кеттен жыл сайынғы сыйақылар және сақтандыру ұйымынан кепілдендірілген инвестициялық кірістер, сондай-ақ мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы есептелінетін болады.

Ол дегеніңіз, мемлекеттен 60 АЕК мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы қолданыстағы білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты немесе сақтандыру ұйымымен шарт жасасқан жағдайда бес жасқа толған, бірақ алты жастағы емес балаларға бір рет қана есептеледі. Шарт жасасу үшін ата-ананың жеке басын куәландыратын құжатты және пайдасына шарт жасалатын баланың туу туралы куәлігін ұсыну қажет. «Келешек» жүйесі аясындағы ақшаның жинақталу көздеріне білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі ата-аналардың ерікті жинақтары, сақтандыру шарты ұйымдарымен есептелетін сақтандыру инвестициялық кірістер, бюджет қаражаты есебінен есептелген 5-7% мөлшеріндегі мемлекеттік сыйлықақы және мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы ( Б Б К ) – 5 жасқа толған баланың, бірақ 6 жаста емес, пайдасына есептелген 60 АЕК (ал халықтың әлеуметтік осал топтары санаты үшін – 120 АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем жатады, бұл ретте қолданыстағы білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты болған жағдайда ғана.

«Келешек» жүйесі аясындағы жинақтармен қатар, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен жыл сайын 50% мөлшерінде Қазақстанның кәмелетке толмаған әрбір азаматына: «Балаларға арналған ұлттық қор» атты Мемлекет басшысының бастамасы аясында қаражат бөлінетін болады. Кейіннен бала 18 жасқа толған кезде жинақ жүйесі сақтандыру компаниясынан жинақталған қаражатпен Ұлттық қорда жинақталған барлық жинақтарды біріктіріп, таңдаған ЖОО-ға оқу ақысын төлеуге мүмкіндік береді. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жүйе шеңберінде балаға арнайы шот ашуға болады. Оған мемлекет 60 АЕК (қазіргі 207 000 теңге мөлшерінде 5 жастағы балаларға) мөлшерінде бір реттік бастапқы капитал салады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті салымдары – ай сайын 1-3 АЕК, мемлекеттің 7 пайыздық сыйақысы мен банктердің сыйақысы жинақталады. Әр ата-ана өсірген ұл-қызының сапалы білім алуына барын салып, қорадағы соңғы малын сатса да оқытады. Ал қазіргі нарықтық заманда бала өскенше ай сайын қорға қаржы салып, мемлекет беретін сыйақыны алып көбейткен тиімдірек болмақ.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT