Индерлік ұстаз «Жас дарын» облыстық ғылыми жоба конкурсының бас жүлдегері атанды

26 қыркүйек күні Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен 35 жасқа дейінгі аудан тұрғындары арасында «Жас дарын» облыстық ғылыми жоба конкурсы өтті. ҚХА-ның 30 жылдығына орай, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын 2025 жылы іске асыру аясында өткен бұл байқауда қазақ тілін оқытуда инновациялық әдістемелерді қолдану басты назарға алынды.

Атап айтқанда, балаларға мемлекеттік тілді жедел үйретуге ықпал ететін мобильді қосымшалар мен бағдарламалар әзірлеу идеялары ұсынылды.

Конкурстың мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін шыңдау, ғылыми-әдістемелік жобаларды әзірлеу арқылы қоғамдағы белсенділігін арттыру, көпшілік алдында еркін сөйлеу және ғылыми жобаны қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Байқау қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, тиімділігі мен нәтижелілігі жоғары ғылыми жобаларын көпшілік назарына ұсынды.

Аталған додада Индер ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Қайырбек Кенжеғалиев «TilLike платформасы арқылы қашықтықтан оқытуда өзге ұлт оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл байқау жастар мен ұстаздардың жаңа технологияларды қолданып, қазақ тілін үйретудің тиімді жолдарын ұсынуына жол ашты.

Жеңімпазымыз алдағы уақытта да өз тәжірибелерін жетілдіріп, ғылым мен білім саласында тың бастамаларға үлес қосатыны анық.

Ақмарал Бокирова

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT