ИНДЕРДЕ ЖАС КӘСІПКЕР КІР САБЫН ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

"Индер ауданында шағын кір сабын өндіру цехы жұмыс жасайды" деп хабарлайды ATPress.kz.

«Алтын» жеке кәсіпкерлігінің директоры Алтынбек Дүйсембиевтің бұл кәсіпті бастағанына бір жылға жуық уақыт болыпты.

- Бастапқыда біраз ізденіс үстінде жүрдік. Сабын өндірудің қыр-сырын білу үшін интернеттен ақпараттар жинап, әзірге өзіміздің шамамыз жететіндей деңгейде жұмысымызды бастадық. Шағын цех жасақтап, құрылғыларымызды орнаттық. «Көш жүре түзіледі» дейді ғой, енді ғана сабындарымыз сапалы шыға бастады, - дейді кәсіпкер.

Алтынбек редакциямыздың түсірілім тобын цехтың жұмысымен таныстырып өтті. Оның айтуынша, кір сабын қоспасының басым бөлігі кәдімгі күнбағыс майы мен малдың іш майы көрінеді. Ол үшін ауылдағы фастфут дайындайтын дүңгіршектерден қайнатылған күнбағыс майларын жинайды. Және оны арнайы ыдыста қайнатып, үлкен қазанға құяды. Қазандағы майға қоспаларын қосып әбден илеген соң, қоймалжың сабынды нығыздап, пішініне келтіретін құрылғыға ауыстырады. Осылайша, кәдімгі кір сабын пайда болады

. - Өнімімізді нарыққа шығара қойған жоқпыз. Әзірге қоймаға жинап жатырмыз. Алда біраз жұмыстарды жоспарлап отырмыз. Жалпы аудан халқын сабынмен қамтысақ деген ойдамыз. Оған мемлекет тарапынан қолдау да бар. Жақында 4 млн. 700 мың теңге ұттыңдар деген хабарлама келді. Ол қаржыны құрылғылар алуға жұмсаймыз, - деді Алтынбек Дүйсембиев.

«Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген бар. Қазір талпынған адамға еңбек етуге мүмкіндік зор. Оның үстіне мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қолдау көп. Мәселен, бөлінетін гранттар, берілетін несиелер қаншама? Соны пайдаланып, жастық жалын барда еңбектенген дұрыс деп есептеймін» дейді кәсіпкер.

«Биыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Осы жылдар ішінде біздің елде көптеген оң өзгерістер болды. Көре білген адамға қай сала да қарқынды дамып келеді. Соның ішінде шағын және орта бизнесті айта кетуге болады. Бұның бәрі азаттығымыздың, ел бірлігінің арқасы деп есептеймін» дейді жас кәсіпкер.

Серікбол Панабердиев

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика