Ауданда Ұлттық валюта – теңге күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің маңызды белгісі саналатын теңгенің тарихына құрмет көрсету ғана емес, мемлекеттің экономикалық дамуында еңбек етіп жүрген сала мамандарына деген ризашылықты білдірудің де жарқын көрінісі болды.
Салтанатты шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Артур Мурзин мен аудандық мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов қаржы саласының үздік мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарға облыс және аудан әкімдерінің, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының Алғыс хаттарын табыс етті.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

