Еріктілер екі оқушыға смартфон табыс етті

Үстіміздегі жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жарлығымен «Еріктілер жылы» болып жарияланғаны белгілі. Қашанда қамқорлық жасауға бейім тұратын қазақы қасиетті келер ұрпақ санасына сіңіру мақсатында қолға алынған осынау шараға индерліктер де белсене араласуда. Аудан орталығымен қатар 7 ауылдық округтерде жекелеген тұрғындардың оның ішінде жастардың бастамасымен еріктілер тобы құрылып жұмыс істеу үстінде.

Көктоғай ауылындағы «Жас ниет» еріктілер тобының аз уақыт ішінде атқарған жұмыстары да көпке үлгі. Әсіресе елімізде жарияланған төтенше жағдай аясында олардың жұмысы тіптен жандана түскендей. Қатарына еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тартып, олардың бастамасымен тұрмысы төмен отбасыларына түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.

Көктоғай ауылының тұрғыны, ерікті Тимур Умаровтың айтуы бойынша, ауылдық әкімшіліктің бастамасымен кәсіпкерлер, әр жылдары туылған жастар мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасыларға қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеді. Осы күнге дейін еріктілер тобының қолдауымен алты бірдей акция ұйымдастырылып, 25 отбасыға азық-түлік көлемінде көмек көрсетілген екен. Құрылып жатырған «Жас ниет» қоғамдық қоры да осы акцияларға атсалысып жатыр. Ауылдың өркендеуіне еріктілердің қосып отырған үлесі зор.

Атырау қаласындағы ерекше білімді қажет ететін оқу орнында оқитын екі оқушының қашықтан оқытуда арнайы байланыс құралы болмай қиындық көріп отырғаны жөнінде мәселе туындаған болатын. Жерлестерінің жай күйіне баса назар аударған ауылдық округ әкімшілігі мен мектеп ұстаздары бірлесіп екі оқушыға арнайы смартфон телефон алып беріп, қолдау көрсетті.

 -Республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында Боран Нысанбаев атындағы орта мектепте өзіміздің оқушыларымызға, соның ішінде 45 отбасының оқушыларына компьютермен қамтамасыз етіліп, қашықтықтан оқуға байланысты балалардың еш кедергісіз білім алыларына байланысты заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілді. 10 отбасы тарифке енгізіліп, қазіргі таңда еш кедергісіз сабаққа араласып отыр. Ерекше білімді қажет ететін екі оқушыға смартфон-телефондар табыс етілді, - Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің директоры Анар Үмбеш.

Жалпы Индер ауданында жастар арасында 24 еріктілер ұйымы құрылды. Күні бүгінге олардың күшімен 940 қайырымдылық шаралары өткізіліп,179 отбасыға түрлі көмектер берілген.

Сұңқар КӨШЕКОВ,

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521