Өткен аптада елімізде 3 397 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. «Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3 397 қылмыс жасалды. Оның 1 986-ы тәулік ішінде ашылды», деді Ш.Тұрлыбек онлайн брифингі кезінде. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіру қылмысын, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, сондай-ақ 34 тонау және 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты. egemen.kz
Елімізде бір аптада 3397 қылмыс тіркелді
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 500