Бураның қасиетін білеміз бе?

Ақпанда бураның да тілін шайнап, тісін қайрап, аузынан көбік атып жарайтын мезгілі. Сол тұрғаннан бәйшешек бүр жарғанша нәр татпайтын қасиетінің өзі таңқаларлық. Талай адам осы бураның шабуылынан мерт болғаны да белгілі.

Сондықтан да "кісіге қарайтын" қауіпті бураны бұрындары қамап ұстайтын. Түйесі бар адамдар ырымын жасап, інгендерін қайытуға әкелу басталатын. Тіпті колхоз кезінде үлкен шаруашылық ретінде арнайы жоспар жасақталып, қайықтан шыққан түйелердің саны алынатынын газетіміздің сол кездегі санынан да оқып білеміз.

Қауіпті дегеннен шығады ғой бірде Қарпаш ата қырдағы жылқысын қарауға шығып, далада келе жатса сонадайдан бура шауыпты. Атамыз бір орында қозғалмай тұра беріпті. Әрлі-берлі көбік шашып, айбат шеккен бура мойынын жерге төсеп, аунағанда үйелеп орнынан тұра алмай қалыпты. Сол кезде атамыз атынан түсіп, бураның тұмсығынан қамшымен тіліп-тіліп жіберіп, өркешінен демепті де атына шапшаң мініп алыпты. Кейін орнынан тұрған бураның қаһары қайтып, аттылы кісіге қараған күйі басын шайқап-шайқап бұрылып кете барыпты.

Сөйтсе Қарпаш атамыз дұғасын оқып тұрса керек. Бураның қаһары туралы тағы бір әңгіме елтайлық «Құрмет белгісі» орденінің иегері марқұм Нұржан Шәңкиевтің айтқаны болу керек бураны қатты қыста колхоздың жұмысына жегеді. Кенет даладағы келесісіне қасқыр шауып, оны қорада қамаулы тұрған бура сезіп, бұзып-жарып шаба жөнеледі. Сол кезде бураның күркіреген дауысын сонадайдан сезген қасқырлардың құйрығын бұтына қыса қашқаны соншалық "ақ қарға зәрі тамған" деп бураның киесіне таңданып отырады екен.

Жалпы дойыр қамшыға бураның терін сіңдіріп іліп қойса, пәле-жәле жоламайды деп ырымдайды.

Жан АМАН

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521