Бір күнде екі жол оқиғасы болды

30 қыркүйек күні  Индербор кентінің Қ.Тұхфатов көшесі бойында «Тойота камри» маркалы автокөлігін тізгіндеген Б.А. есімді азамат алдындағы «Ниссан», ал ол «Уаз» көлігіне соқтығысқан.

Салдарынан 3 жолаушы зардап шегіп, 73 жастағы әже мен 49 жастағы ер азамат аудандық орталық ауруханада жеткізілген. Бұл жөнінде аудандық жедел-жәрдем бөлімшесінің фельдшері А.Бисембаева: -Әріптесім Ш.Айдаров пен бірге таңертеңгі шақыртуға бара жатып, жол апаты орын алған жерге тап болдық. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дереу ауруханаға жеткіздік,-дейді ол.

Айталық, қазіргі таңда тұрғындардың жағдайлары бір қалыпты. Ал зардап шеккен 3-інші жолаушы өз еркімен қаралудан бас тартқан көрінеді.

Сондай-ақ бұл күні 12:56 шамасында Махамбет көшесінің бойында екі көлік бір-бірімен соқтығысып, нәтижесінде көліктегі 4 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп орталық ауруханаға жеткізіліпті. Медициналық маман Айгүл Бисембаеваның айтуынша, қазіргі таңда 1990 жылғы қыз баланың жағдайы ауыр, ал қалған түрлі деңгейдегі жарақат бойынша ем қабылдап жатыр.

Мамандардың мәліметінше, осыған дейін жыл басынан бері 12-ден аса жол көлік апаты тіркелген.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521