"Барлаушы" мөлтек ауданында медициналық пункт пайда болады

Бұл туралы аудан әкімі Дарын Шамұратов кент тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды DENDER.KZ

- Индербор кентінде тағы бір нысан күрделі жөндеуден өтуде. Барлаушы мөлтек ауданында орналасқан ескі наркология ғимаратын жөндеуден өткізіп, бір бөлігін әскери шақыру пунктіне жасақталуда.

Ал екінші бөлігін көптен бері Барлаушы мөлтек ауданы тұрғындарының сұранысына сәйкес аурухананың бір бөлімшесі ретінде күндізгі стационарға лайықталуда. Стационарда науқастар үшін 4 кереуеттік күндізгі аурухана, екі жалпы практикалық дәрігер, егу бөлмесі орналастырылады.   

Сонымен қатар, тағы бір бөлігі жедел жәрдем орталығы үшін пайдалануға берілетін болады, - деді аудан әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521