Бала қауіпсіздігі басты назарда болсын

Әр ата-ана дүниеге сау ұрпақ әкеліп, саналы, білімді, ар-намысын жоғары қоятын азаматты тәрбиелеуді мақсат етеді.

Ал, мектепке барып, қоғамдық ортамен араласа бастағанда баланың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін де сақтық шаралары мықтап қолға алынғаны жөн. Бала есейген сайын өз бетінше жүруге құмар болары анық. Қарапайым балаңыз үй жайдан тыс ойнап жүрген кездеде қадағалауыңыз керек. Себебі бөлім кезекшісіне түскен хабарламалар есебінен көптеген жасөспірім үй-жайда ойнап жүріп абайсызда жарақат алулары жиелеп кетті. Ата-ана түсініктемелерінен қорытынды “Қазір ғана көз алдымда ойнап жүрген, аяқ асты құлап қалды,соғып алды, кетіп қалды ”..... ата-ана сылтауына шек жоқ.

Еске сала кетейік ағымдағы жылғы Атырау қаласындағы кішкентай Әли есімді балдырғанның қайғылы оқиғасының барысыда осындай сөзбен басталып, соңы есік алдындағы шұңқырдан табылған бала жантүршігерлік оқиғамен аяқталды. Осының барлығы ата-ананың салғырттығының кесірінен болатыныда жалған емес. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзіңіздің мұқияттығыңызды шыңдағаныңыз жөн. Сондықтан балаға әлем әрқилы екенін айтыңыз. Қандай жағдай болмасын тығырықтан шығуға, сіз қасында табылмаған жағдайда өзін қалай ұстау керек екендігін, қандай әрекет немесе әрекетсіздік таныту керек екенін ереже ретінде қалыптастырыңыз. Нақты жағдайларды талдаңыз:

-Егер өрт болған жағдайда?!

-Не жағдай болмасын, шығатын жер табу. Кез келген ғимаратқа кіргенде баланың назарын эвакуация жоспары қайда ілініп тұрғанына аудартыңыз, карта бойынша жөн табуды үйретіңіз.

-Баланы бөтен адам алып кетпекші болған кезде?!

Бөгде адам баланы алдап-арбау арқылы өзімен ертіп кетіп жатқан фактілер аз емес. Ата-анада үрей болғанымен, санасы есеймеген балаға бұл жәйт қызық болуы мүмкін. Сондықтан балаңыз бір жаққа бармас бұрын міндетті түрде сізге ескерту керек екендігін қаперіне беріңіз. Дегенмен өзіңіздің ертуіңізбен жүргені абзал. Бала қажет кезде «жоқ» деп айтуға дағдыланса тіпті жақсы. Бөгде адамдардың қандай әрекеті күмән тудыру керек екенін айтып түсіндіріңіз .

-Абайлаңыз иттер?!

Жабайы, бұралқы иттердің адамға тап беруі жиі кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін балаңызға қараңғы жерлерді, тастанды үйлерді айналып жүруге, сонымен қатар белгісіз немесе топтасып жүрген жануарларға жақындамауын олармен ойнап ызаландырмауын талап етіңіз.

-Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз?!

Бала бақшада, мектепте, қосымша сабақтарда, көшеде кімнен көмек сұрау керек екендігін алдын-ала айтып түсіндіп қойыңыз. Балаңыз ең алдымен формадағы қызметкерлердің яғни- полиция, өрт сөндіру, дәрігер немесе дүкеншілердің көмегіне жүгінгені дұрыс.

-Үйіңіздің кіреберісіне байланыс телефондарын іліп қойыңыз?!

Анасының, әкесінің немес кез келген отбасы мүшесінің, жедел қызмет телефондарын жазып қойыңыз. Бала нөмерлерді жатқа білсе тіпті жақсы. Егерде балаңыздың жеке ұялы телефоны болса әрдайым қуат көзінің толық екенін қадағалаңыз.

-Балаңыздың дайындығын тексеріңіз?!

Қандай да бір келеңсіз жағдай туындаған кезде жедел қызмет операторларына ол өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын (немесе өзінің орналасқан жерін) болған жағдайды толық түсіндіре алатындай болсын. АТА-АНА! Бала қауіпсіздігі басты назарда болсын! Отбасында басты мәселелердің бірі болып- баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру болсын. Ол үшін баланың күн тәртібін, жеке басына қойылған талаптарын, міндеттерін, үй еңбегіне араласуын, білімін, қызығушылықтарымен бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына ықпалыңызды тигізіңіз. Балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етпес бұрын оны әлемнен қорғауға емес, әлемде және қоғамда дұрыс бейімделіп өмір сүруге үйретіңіз.

Индер АПБ-і ЖПҚБ-ң ЮПТ-ң КТІЖ УПИ-ры

полиция лейтенаты А.Амангельдиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521