Бұйырса Бұғы өсірмекпіз

Біздің өңірде ХХ ғасырдың басына дейін мекен еткен Тұран жолбарысы, Каспий қабыланы секілді жыртқыш жануарлардың терісі үшін тұздай құрығанын тарихтан ғана білетін болдық.

Өңірімізде даланы жортқан киікпен қоса тоғай ішінде санаулы еліктер де жайлы мекенге айналдырыпты. Көршілес Батыс Қазақстан облысының тоғайында олардың қарасы бізбен салыстырғанда анағұрлым көп екен. Биылғы жыл басына шыққан жануар - қабан бізде тұрақты болмағанымен қазіргідей қыс мезгілінде қоныс қылатындары бар екен. Ал қарсақ, түлкілерің де ауыл-аймақты айтпағанда аудан орталығының шеткі көшелерінен де қылаң беріп қалады. Бұрынғыдай қарсақ пен түлкіден бөрік кию мода болмағасын да болар ешкім оларды аулауға қызыға бермейді. Тоғай не далаға шықсаң да жолыңнан зып ететін қоянды да кездестіруге болады. Өкінішке орай аң аулау кәсіп емес, ермек күйінде қалып отыр. Сондай-ақ қорықшы Б.Жұмағалиев аудан көлемінде арнайы қорық жасақтау, орман шаруашылығының қоршалған аймақтарына еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінен бұғы әкеліп өсіру жоспарланып отырғанын айтты.

Саламат Базарбаев.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика