Аянның тәтті қарбызы

Ала жаздай аудан орталығының сауда орындарына қауын-қарбыз, қияр-қызанақ, тағы басқа да көкөніс өнімдерін шығарып отырған  шаруа қожалықтың бірін  жергілікті жігіт Аян Ғалым (суретте) басқарады. Іргедегі Бағырлай бойындағы жерінен көкөніс өнімдерін өсіретін ол  әркез тыным таппайды.
Соңғы жылдары жаздың алғашқы айларынан-ақ сауда сөрелерінен  ерте піскен қарбыз көріне бастады.  Алғашқы өнімнің бағасы да арзан болмайтыны рас, әрі тұтынушылары да қара-құрым. «Күннің қызуын ерекше қажет ететін өнімнің ерте пісуінде тыңайтқыш болар. Әйтпесе өлкеміздің тіл үйірер қарбызы тамыз айында ғана  пісетін еді ғой», - дейді  ғой бұрынғылар.
Диханшы Аян Сағидоллаұлының айтуынша, мәселе тыңайтқышта емес, сортына байланысты. Айталық өлкемізде бұрыннан егіп пайдаланып жүрген қарбыздың   продюссер сорты және  оның да түрлері бар. Кейіпкеріміз бұл сорттың ішіндегі Глобол және Холар түрлерінен егеді. Өңірімізде пісетін ең тәтті қарбыздың бір қиындығы 90 күнде жәй піседі және қабығы жұқа болғандықтан да тасымалдауға көп келе бермейді екен.  
Кейіпкеріміз бұрыннан жерсінген қарбыздармен бірге будандастырылған, шетелден алынған гибрид қарбыздарды да өсіреді. Мысалы, Сармат, Түрік гибрид қарбыздары 60 күнде-ақ ерте піседі. Кемшілігі көлемі шағын  10 кг дейін салмақ береді. Ал  Арамашан, Темірлан қарбыздары  70-75 күнде орта деңгейде піседі, 20 кг дейін салмақ беретін көрінеді. Ерте пісетін осындай элиталық қарбыздарды сұраныстың көп уақыты -  шіліңгір шілдеден бастап әкеле бастайды. Тиісінше қажырлы еңбегіне сай пайдасын көреді.
Еліміздің батыс өлкесін ауыл шаруашылық тауарларымен қамтып отырған  Атыраудағы "Галион Агро" ЖШС-нің директоры Мүслима Нысанова ауданда шаруа қожалық басшыларымен кездесуде соңғы кезде қол жеткізген  бірқатар іргелі істерін айтқан болатын. Сонда ол Голландия, Ресей, Түркияның ауылшаруашылық саласында танымал компанияларымен тікелей келіссөз жүргізіп, түрлі сортты тұқымдарды өзіндік бағамен әкелуге мүмкіндік жасап отырғанын атап өткен болатын. Сондықтан да осындай қарбыздың жаңа сорты сынды   ауылшаруашылық өнімдерін алысқа бармай-ақ Атыраудағы сауда орыннан алуға мүмкіндік мол екен.
Кейіпкеріміз шетелден алынған осындай қарбыз тұқымдарын әуелі    жеке жылужайында өсіріп, сәуірдің аяғына қарай күн жылына егіп бастайды.  Тамшылатып суару технологиясын да тиімді пайдалануда.
-Тамшылатып  суаруға су көп кетпегендіктен қаржы үнемдеуге мүмкіндік мол. Әрі суаруы да жеңіл. Сондай-ақ балмен суарғандай жерді  тегістеп әуреленіп жүрмейсің, тамшылатып суарудың желілерімен жердің аласасы мен дөң жеріне де бірдей суаруға мүмкіндік мол.
 Бізде егіншілікпен айналысудың қиындығы - жұмысшы күші тұрақты бола бермейді. Жасыратыны жоқ жергілікті жігіттер бақшада жұмыс істей бермейді, - дейді Аян Сағидоллаұлы.
Ал көршілес елдерден келетін диханшыларға квотасы жыл сайын қысқартылып келеді.
Сондай-ақ ол қарбыз-қауынмен бірге көкөністен қиярды алдымен саудаға шығарып, кейін басқа өнімдерін де сауда сөрелеріне жеткізеді екен. Өнімдерін тасымалдауға алған техникасын да, басқа да арнайы несиені мемлекеттің ауыл шаруашылығын қолдау бағытындағы  жеңілдіктерімен  алуға қол жеткізіпті.


С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521