Автобус қашан жүреді?

Көптен күткен кентішілік автобус биылдан бастап жолға шыққан еді. Қоғамдық келісім кеңесімен жолақысы 50 теңгеге белгіленіп, мектеп оқушыларына тегін болып, жеңілдіктер жасалды. Әйтсе де оның алғашқы қиындықтары аз болмады.

Кент ішінде аялдамалар болмағандықтан жолаушылар әрбір жерден тоқтатуға мәжбүр болып, автобус уақытынан кешігіп жүруіне тура келді. Әрі автобус көпшіліктің қатынасы көбейетін белгілі бір мезгілде ғана қатынады. Оған да қалыптасып қалған жолаушылар болғанымен елдегі карантиндік шаралардың басталуына байланысты автобус тоқтап қалды.

Енді карантиндік шаралар жеңілдегендіктен көпшілік автобустың қайта жүргенін қалайды. Өйткені кентте жаңа мөлтек аудандар көбейгендіктен кентішілік маршрут қажеттіліктен туып отырғаны белгілі. Әрине, бір емес, бірнеше автобус болса тиімді болар еді. Осы орайда біз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Иманғазиевке хабарластық.

Ол жыл басында пилоттық жоба ретінде қолға алынған кентішілік маршрутты субсидияға ұсынуға байланысты барлық шығындары есептелгенін, енді маршрут бойынша конкурсқа беруге құжаттарын дайындау жұмыстары жүріп жатқанын, көп кешікпей автобус қайта жүретінін қаперге берді.

Сонымен қатар кент ішінде 14 аялдаманың құрылысы аяқтала келгеніне куәсіздер. Ал әзірге таксиге арқа сүйей тұруға тура келеді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521