ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ҚАДІРІ ҚАШАНДА ЖОҒАРЫ

ОСЫНАУ АЛМАҒАЙЫП ЗАМАНДА ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ҚАДІРІН СЕЗІНЕТІН ЖАННЫҢ ОЙЫНА НЕ КЕЛІП, НЕ КЕТПЕЙДІ ДЕЙСІЗ. КӨРШІ АУҒАНСТАНДАҒЫ СОҢҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАР ТІПТІ АДАМНЫҢ ТҮН ҰЙҚЫСЫН ТӨРТ БӨЛЕТІН ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖАЙЛАР ЕМЕС ПЕ?! КҮНІ КЕШЕ ҒАНА ДҮРІЛДЕП ӨТКЕН ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ТӘТТІ ЖЕҢІСТЕРІ МЕН АЩЫ ЖЕҢІЛІСТЕРІН БАСТАН КЕШІП ЖҮРГЕНДЕ КӨРШІМ, АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ КЕҢЕС САХИҰЛЫ АҒАМЫЗДЫҢ: "ОЙПЫРЫМ-АЙ, ОСЫДАН 76 ЖЫЛ БҰРЫН ОСЫ ТАМЫЗ АЙЫНДА БҰЛ ЕЛДІҢ ХИРОСИМО МЕН НАГАСАКИ ҚАЛАСЫНА АТОМ БОМБАСЫ ТАСТАЛДЫ ДЕП ҚАЛАЙ АЙТАРСЫҢ. ЖАПОНДАР МЫҚТЫ ХАЛЫҚ БОЛЫП ТҰР ҒОЙ. СОДАН ТІК ТҰРЫП, ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕП, ДҮЙІМ ЖҰРТТЫ ЖИНАП, МІНЕ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІП ЖАТЫР. ӘЙТПЕСЕ, СОЛ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС СӘУЛЕСІНІҢ ЗАРДАБЫ САН ЖЫЛДАРҒА СОЗЫЛАДЫ ДЕУШІ ЕДІ ҒАЛЫМДАР" ДЕП ТАҢДАНЫСЫН ЖАСЫРА АЛМАЙ БАСЫН ШАЙҚАП ҮНСІЗ ОТЫРЫП ҚАЛДЫ.

Шындығында 1945 жылы 6 тамызда АҚШ әскери әкімшілігі ұйғарымымен Хиросима қаласына атом бомбасын тастап, одан 140 мың адам мерт болып, қала толық қирағанын біз тарихтан білеміз. Ал араға үш күн салып 9 тамызда Нагасакиге екінші бомба тасталып, оның да 75 мың тұрғыны жапа шекті. Міне, осыншама ауыртпалықты артқа салып, осымен екінші рет өз жерінде олимпиада өткізіп отырған жапон елі мен халқының алдымен бірлігін, өжеттігін, еңбекқорлығын ерекше атамасқа болмайды. Осындайда еске түседі, Елбасының сонау 2001 жылы: "Адамдар ядроның энергиясын басқаруды үйреніп алды, бірақ өзін басқаруды үйрене алған жоқ. Адамдар адамға сенуден қалды, бірақ ядролық күшке сеніп алды. Алайда "әскери" атом әлдеқашан-ақ өз ғұмырын күйттеуде. Оған ие болу қиын, жойып жіберу одан да қиын. Онымен көздеуге болмайды, өйткені нысана-дәл өзіңсің. Оның бетіне тура қарай алмайсың, өйткені жанарында шексіз зұлымдық лапылдап тұр. Оған сенуге болмайды, өйткені оның саған сенімі-достық емес, құлдық. Адамның мұндай сенімінің ақыры немен тынады? Адамзат өзіне деген сенімге қашан оралады?" деген сауал тастап, жауап іздеген еді. Міне, оған да 20 жылдай уақыт өтті, ал сол бір өткір сауал әлі нақты жауабын таппай қасқайып әлем халқына тура қарап, қатерін төндіріп тұр. Сол халықтың біріалып Каспий мен асқар Алтай бауырындағы кең даланы еркін жайлаған қаракөздеріміз, әсте момын Қазақ елі екенін қалай айтпассың... Олардың осынау мамыражай момын тірлігін ХХ ғасырдың орта шенінде жерінің асты-үстін, ауасын ядролық қару жарылыстары дүмпуі шошытып, аяусыз тілгілегеніне бүгінде бүкіл әлем куә. Сондықтан да Қазақ елінің бастамасымен әлем бойынша 29 тамыз – Ядролық жарылыстарға қарсылық күні болып белгіленуін әділдік, болмаса заңдылық деген жөн. Әлі есте осы қазақтың қасиетті Семей жеріндегі, жалпы әлемдегі ядролық жарылыстарға қарсылық қозғалысқа үн қосып, сонау 90-ыншы жылдары Батыс Қазақстандық жастармен бірге Азғыр жеріне барып, үш күн алаулатып, далада от жағып, асқақта та жаралы туған жер туралы ән айтып, жалаулатып жүрген едік.

Құрамында бүгінгі "АтырауАқпарат" ЖШС төрағасының орынбасары, ол кезде республикалық "Жас Алаш" газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Исатай Балмағамбетов және біздің ауданнан көктоғайлық бір жас қатысқан болатын. Бұл өңір туралы Елбасы өзінің "Бейбітшілік кіндігі" кітабында: "Мамандардың бағалауы бойынша Батыс Қазақстанның тұз күмбездеріндегі ядролық жарылыстардың толып жатқан зардаптары болды: ласталған тұздың суға еріп, ерітінді ретінде жер бетіне шығуы, аумақтың жерасты суларының радиоактивті ластануы орын алды. Мұның үстіне Азғыр сынақ полигоны ауданында жер асты ядролық жарылыстары өткізілген жерлерде, бірнеше жыл бойы хлор мен сутегі жер бетіне атылып шығып, тұз қышқылын түзеп тұрды. Осының бәрі "улы ақтұман" түрінде жер бетін бүркеді. 1992 жыл Қазақстан Республикасының санитариалықэпидемиологиялық қызметінің органдары Азғыр полигоны алаңдарын тексеріп, радиоактивті заттармен едәуір ластанған жерлерді анықтады. Полигонда жер бетіндегі радиация деңгейі сағатына 3500 микрорентген болды, мұның өзі адам денсаулығы үшін қауіпсіз табиғи деңгейден 150 есе көп еді" деп жазған болатын. Содан да "Невада-Семей" қозғалысына алғашқы болып ядролық қару сыналған, жергілікті халқын күштеп оңтүстікке көшірілген Азғырды да қосу керектігі ерекше көтерілген еді. Оған да 30 жылдан асып барады екен-ау. Сол Семей демекші, жақында осындағы 1949 жылы ашылған сынақ алаңын 1981 жылдан 1991 жылға дейін б а с қ а р ғ а н генералл е й т е н а н т А.Д.Ильенконың "Аргументы и факты" апталығына б е р г е н сұхбатын оқығанбыз.

Мұндағы әңгімесінде генерал өзі басқарған жылдары аумағы 18 мың шаршы шақырым сынақ алаңының гүлденіп, қуаты арта түскен, КСРО жауының дегбірін қашырған жылдары болғанын ерекше мақтаныш сезіммен баяндайды. Генерал өзі басқарған жылдардың өзінде Семей жерін шұрқ тескен бірнеше ондаған нүктелерден барлығы-113 ядролық жарылыс орын алғанын, оның бәріне де өзінің куә болғанын сөз еткен. Біз үшін бір қуантарлығы, осы кезеңде халықаралық келісімге сәйкес ядролық қаруды әуеде, жер бетінде және теңізде сынауға тыйым салынып, оны тек шахтада өткізетін болуы, Әйтпесе... "Осы кезде кейбір төтенше жағдайлар орын алған жоқ па?" деген журналистің сауалына: "Әрине, ондай да болып тұрды. Бірде қаруды машинадан шахтаға түсіріп жатқанда жүрге құлатып алдық. Менің зәре-құтым қалмады, ал қаруды жасаушылар жайбарақат бөлшектеп, қайта жинап, өз уақытында жарылыс жасадық. "Жалпы кеңестіктер бұл қаруды өте сапалы жасаушы еді ғой" деп әр қарудың қуатын белгілі құралдармен емес тізесімен-ақ айыра алатын дәрежеге жеткеніне мақтанған генерал. Дегенмен де радиактивті газдың аз уақытта жер қыртыстары арқылы шығып кетуі өзіне дейін болып тұрғанын ол да жасырмаған. Осы ретте атом қаруының қуатын да қарсылас ел АҚШ-қа қарағанда дәлірек есептеп шығаратынын еске салуды ұмытпайды. Оны да көп жылдарға созылған келісім сөздерден кейін 1988 тамызда АҚШ-пен бірігіп жасаған жарылыстар кезінде анықтауға мүмкіндік туған көрінеді. Жалпы Семей сынақ алаңы жабылғанша жұмыс істеген генерал 1987 жылы Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Бозтаев келген соң-ақ түсінбестік орын ала бастағанын ашық айтыпты. -В 1987 г. сменился первый секретарь Семипалатинского обкома КПСС. Прежний был лояльным, а новый-Бозтаев-сразу начал ставит нам палки колесо. Все на экологию напирал. Потом появился писатель Олжас Сулейменов, оснаватель движения "Невада-Семипалатинск" Началась борьба по закрытию полигона, которая велась довольно-таки оголтелыми методами. Короче говоря, последний взрыв мы провели 19 октября 1989 г. Позднее полигон со всей инфраструктурой и двумя действующими ядерными реакторами передали Казахстану-там теперь их ядерный научный центр, на котором постоянно работают японские ядерщики",-деп қорытқан екен сөзін әскери.

Әрине, біз бұл арада 456 жарылыс жасалған бір ғана Семей жеріндегі ядролық сынақ алаңындағы жайларды сөз етіп отырмыз. Ал мұндай алапат сыры беймәлім атасы ядролық болып келетін қарулар мен оқтұмсықтардың 1991 жылдың басында Қазақстанда 1216 данасы болғаны бүгінде белгілі. Ал зымырандық әскерлерге қарасты шахталар қаншама?!. Оның да ұзын саны 148 болған екен сол тұста. Олардың қауіпсіздігі, уақтылы жаңғыртылып, жоспарлы күтіп, бапталуы, тағы басқасын Арыстағы жарылысты да бастан кешкен біздің халқымыз жақсы түсінеді деген үміттеміз. Сайып келгенде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" №409 Жарлығына қол қоюына әкелген себеп пен салдарлары әлі күнге түрлі деңгейде талданып, талқыланып келе жатса да ядролық қару саймансыз да, сондай-ақ жеріміздегі ядролық үрейден уақтылы арылуымыз да аз жетістік еместігін сезіне түскендейміз...

С. ХАЛЫҚОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521