Ауданда қос партияның кандидаттары ұсынылды

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 1 желтоқсанда Индер аудандық мәслихаты депутаттарының кандидаттығына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша өңірлік филиалынан 3 адамды қамтитын партиялық тізімін мынадай құрамда тіркеді:

1. Әбішев Ержан Есжанұлы 12.05.1995 ж.т., Бас маман, Индер ауданы мал дәрігерлік станциясы, тұрғылықты жері Индербор кенті, Индер ауданы

2. Ілияс Мұрат Қайреденұлы 3.11.1965 ж.т., Жетекші, «Нүрет» шаруа қожалығы, тұрғылықты жері Өрлік ауылы, Индер ауданы

3. Уразбаева Актолкин Саматовна 12.06.1994 ж.т., Дәрігер-терапевт, Индер аудандық орталық аурухана, тұрғылықты жері Индербор кенті, Индер ауданы

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 1 желтоқсанда Индер аудандық мәслихаты депутаттарының кандидаттығына «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі бойынша 4 адамды қамтитын партиялық тізімін мынадай құрамда тіркеді:

1. Байбосынова Аяжан Сайлауовна 20.10.1988 Есепші, "Индер темір жолы" ЖШС-і, тұрғылықты жері Индербор кенті, Индер ауданы

2. Даулеткалиев Нурлан Курманович 13.08.1964 Төраға, ЖК "Даулеткалиев", тұрғылықты жері Индербор кенті, Индер ауданы

3. Косшин Айдос Исаевич 12.07.1994 Директор,"Индер Туз Компани" ЖШС-і, тұрғылықты жері Атырау қаласы, Атырау облысы

4. Саятхан Амир 03.04.1988 Директор, "Туз" ЖШС-і, тұрғылықты жері Атырау қаласы, Атырау облысы

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521