Ауданда «Киелі Индер өңірінің жауһарлары» тақырыбында кездесу өтті

Атырау облысы ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ мен Қазақстан халық Ассмблеясы қоғамдық келісім кеңесінің «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы шеңберінде «Киелі Индер өңірінің жауһарлары» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан Республикасы халқының қоғамдық санасына енгізе отырып, мақсатты жобаларды қолға алу, өркендету және насихаттау. Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Жеңіс Иғалиев шара қонақтарын таныстырып, мақсатын түсіндіріп өтті. Кездесу барысында, аудандағы қазба байлықтарын игеру, ұлы тұлғалардың ескерткішін орнату бағытындағы көптеген шараларды жүзеге асыру жолдары мен жоспарлар талқыланды. «Қоғамдық келісім» КММ төрағасы Нұржан Ермұханов жоба аясындағы атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

Жиында сөз алған аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин: – Бастама жақсы жолға қойылса, берері мол боларына сенемін. Біз кейде тарихты беріден бастап кетеміз. Әріден қарасақ, қаншама ұлыларымыз бар. Солардың бірі атақты күйші Балабайсаңды насихаттау әлі де жүйелі жолға жойылмай келеді. Соңғы кездерде жастар арасында табиғатты құрметтеу жұмыстары жақсы жолға қойылып келеді. «Тұздыбұлақ», «Қыз әулие» басына барып, табиғатқа жанашырлықтарымен өзгелерге үлгі болып жүр. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп жатамыз. Расымен де солай. Неге десеңіз, біздің ата-бабамыз қонақ келгенде дастарханға «табақ тарту» дәстүрін жасаған.

kieli-inder-korermen

Сол арқылы асты жеп қана қоймай, барлығының атауын жастардың құлағына сіңіріп отырған. Алайда, қазір уақыт бөлек. Әр отбасы әлеуметтік жағдайына қарай табақ тартады. Содан келіп жаңағы айтқан мал сүйегінің атаулары да біртіндеп жоғала бастайды,- деді. Махамбет атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қоныс Жаналисов ұлттық код, рухани адамгершілік қағидалары туралы сөз ете келе, қазір жастардың бойында имандылық тәрбиесінің болғаны көңіл қуантады. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасындағы дінтану кітабының мазмұнын өзгерту керек деді.

Ал, жиынға қатысқан Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы Елена Осипян:

– Ата-бабамыз осы өлкеге қоныс аударып, біз Индер жерінде өсіп-жетілдік. Бізді қазақша тәрбиеледі. Қазір қазақтың келінімін. Мәдениетіміз бен тілімізді, салт-дәстүірімізді кейінгі ұрпаққа насихаттау жолында «Қазақтану» жобасының маңызы жоғары деп ойлаймын. Жалпы, тек жоба шеңберінде ғана емес, әр қазақ өмір салтына жауапкершілікпен қарап, баланың бойына сіңіріп отырса, отбасы құндылығының да маңыздылығы артар еді,- деп өз пікірін білдірді.

Жиынға қатысқан Серікқали Жұқиев, Қымбат Кәрім, Жеміс Тілепқалиева, Гүлсара Өтепқалиева, Қоныс Жаналисов сынды қатысушылар өз ой-пікірімен бөлісті.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521