АУҒАННЫҢ АЩЫ ЖАРАСЫ

БЕЙБІТ КҮНДЕ ЕЛ ҚАТАРЛЫ ӨМІР СҮРІП КЕЛЕ ЖАТЫП, ОЙДА ЖОҚТА СОҒЫС ӨРТІ ӨРШІП ТҰРҒАН ОРТАҒА ТАП КЕЛЕМІН ДЕП КІМ ОЙЛАСЫН? СОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ӨРЛІКТІК ДӘУЛЕТИЯРОВ АЗАМАТ СЕРІКҰЛЫ ДА БАР. ОЛАЙ ДЕЙТІН СЕБЕБІМІЗ АҒАМЫЗ АУҒАН ЖЕРІНДЕ ОРЫН АЛҒАН АЛАПАТ ҚЫРҒЫННЫҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА БОЛДЫ.

Өткен ғасырдың 1979 жылы Кеңес әскері Ауған жеріне кіргізілгені кәрі тарихтан белгілі. Кеңес әскерлерінің қатарындағы алғашқы жауынгерлердің бірі болып жерлесіміз Айтжан Серікұлы енген. Кейіпкеріміздің тағдыры туралы сәл кейінге шегініс жасасақ. Ол туралы өзі былайша ой толғайды.

-Мен 1960 жылы 1 маусымда Өрлік ауылында дүниеге келдім. Әкем Серік зейнеткерлік демалысқа шыққанша заманында атағы алысқа кеткен «Передовик» кеңшарында мал дәрігері болып жемісті еңбек етті. Кейін 2002 жылы 74 жасында өмірден өткен болатын. Ал анам Балапан Досова аталған кеңшардың түрлі салаларында еңбек етті. Қазір зейнеткерлік демалыста. Ұрпақ қызығын көруде. Ал мен 1967-1977 жылдар аралығында Өрлік орта мектебін бітірген соң сол уақытта қолға алынған «Жас қанат» комсомол жастар қатарына қабылданып, шопан болып алғашқы еңбек жолымды бастадым. Ол кезде жастар тәрбиесіне, олардың еңбек етулеріне терең мән берілетін. Сөйтіп жүргенде 1979 жылы әскер қатарына қабылдандым,-дейді алпыстың асқарынан асқан ағамыз.

inderskii

Жауынгер алдымен Челябинск қаласында БМП оператор–атқыш жауынгері болып 6 ай оқу-жаттығудан өткізілген. Арнайы дайындықтан өткен жас жауынгер әрі қарай Өзбекстанның Термез қаласында әскери борышын жалғастырған. Жоғары қолбасшылықтың арнайы нұсқауына сай бір түнде жауынгерлер тікұшақпен Ауғанстан астанасы Кабул қаласына жеткізілген. Нағыз соғыс өрті қайнап тұрған ортаға түскен жауынгерлер басында аң-таң болғанымен бұйрықтың аты бұйрық. Орындауға міндеттісің, кері шегінуге жол жоқ. Отты кезеңді көзімен көрген ағамыздың сөзіне тағы бір мәрте назар салсақ. -Соғыс даласына кірген жеріміз таулы жер. Байқағаным, еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін мылтық асынып жүреді екен. Ауғандықтардың жауынгерлері шағын топ болып әрбір жерде жасырынып, оңтайлы сәтте оқты қарша боратады.

Оқтың қай жерде атылып жатырғанын түсініп болмайсың. Бізге жолдың бойын күзету тапсырылған болатын. Кезекті с а п а р ы м ы з д а к е н е т т е н қарсыластарымызға тап болдық. Кескілескен атыс басталды. Әл бермеген соң рация арқылы қосымша күш шақыртуға тура келді. Жанжақтан қыспаққа алған соң олар оңайлықпен берілмеу үшін өздерін гранатамен жарып жіберді. Атыс тоқтағасын аталған жерге барсақ небәрі 5-ақ жауынгер. Біздің жақтан да едәуір шығын болды. Өліспей-беріспей жан-тәсілім еткен олардың рухы биік жауынгер халық екенін аңғарғандай болдым,- дейді кейіпкеріміз.

Енді бірде әскери база орналасқан аумақтан 20-30 шақырым ұзай бергенде ойда жоқта өз жоспарын жүзеге асыруға бекінген жауды тырп еткізбей қолға түсірген. Бақса қолында граната бар. Егер ол қолындағы гранатасын дәл көздегенде не болары айтпаса да түсінікті ғой. Негізінен мұндай оқиғалар жиі болып тұратыны бесенеден белгілі жайт. Алайда сол соғысты көргендер ол жайлы көп тіс жармайды. Себебі белгілі деп ойлаймыз. Олжалы өмірге ие болған ағамыз 1981 жылдың 30 желтоқсан күні дәл жаңа жылдың алдында аманесен елге оралып, түлеп ұшқан ұясымен қауышты. Жоғарғы Кеңес Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталса, Ауғанстан Республикасы Президентінің арнайы жарлығымен «Интернационалистжауынгерге алғыс» төсбелгісімен және бірнеше мәрте арнайы мерекелік медальдармен марапатталыпты. Еңбек майданына араласып, 1985 жылы өмірлік қосағын жолықтырды.

Отбасында Мәншүк Бекмағамбетова екеуі Әсел, Шынаргүл, Бақыт, Қанағат есімді қарлығаштарын өсіріп, оларды оқытып, теңіне қосып, жиен сүйіп, бақыт бесігінде тербелуде. Ал күні кеше ғана елімізде орын алған қиын жағдай туралы тіл қатқан ағамыз өз тілегін жеткізді.

-Жалпы қандай ма соғыс болмасын ақталуға жатпайды. Жаңа жылдың алғашқы күндері елімізде оның ішінде Алматы қаласында болған қантөгіс туралы естігенде жан-дүнием күйзелді. Бейбіт өмірде атылған оқ жүрекке сұғылған бізбен тең екенін естен шығармайық. Тыныш өмірдің қадірін білуге шақырамын,-дейді.

Біз де сол тілектеміз.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521