Алғашқы көмек көрсетуді үйренді

Индерлік еріктілер «Волонтерлер жобасы» аясында алғашқы көмек көрсетуді үйренді. Шараны Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ ұйымдастырды.

Шараға аудандық төтенше жағдай бөлімінің аға инженері Ербол Ғабитов, аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бекзат Қасымов, аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелі фельдшері Жәдігер Жаңабаев және ерікті жастар мен ұстаздар, колледж студенттері қатысты.

246924269_604806193994404_7987331670566601507_n

 

244412265_604806113994412_2802730117629782849_n

Алдымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Диас Айбаров шараның мақсатын түсіндіріп өтті. Одан соң Жәдігер Жаңабаев «Жол апаты болған жағдайда көрсетілетін көмек», «Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар», «Жүрек қызметінің тоқтауы», «Талма ауруы бар науқасқа алғашқы көмек» жөнінде жаттығулар көрсетті. Ал, «Өрт кезіндегі іс-әрекеттер, өрттің алдын алу жұмыстары», «Күйік алған және суда зардап шеккен адамдарға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету», «Тұрғын үй мен ғимарат ішіндегі өрт кезіндегі ісәрекет», «Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері» туралы Ербол Ғабитов түсіндіріп өтті. – Біздің басты миссиямыз – адам өмірін құтқару. Сондықтан физикалық тұрғыда кәсіби маман болу жеткіліксіз. Өйткені, біз шақырылған орында халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, басқа да тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.

Көбінесе жылыту маусымы басталған кезде тұрғын үйлерде түтіннен улану жағдайлары жиі орын алады. Бұл өте қауіпті. Осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп отырамыз. Соңғы жылдары біздің саламызға деген еріктілердің қызығушылығы артып келеді. Бұл бізді қуантады. Өйткені, өзгеге көмек көрсетпестен бұрын, төтенше жағдайға түскен кезде алдымен, өз-өзімізді жеңе білуіміз қажет. Көкшетау қаласында М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы бар. Сол жерден білім алып, болашақ біздің әріптесіміз болып жұмыс жасай аласыңдар, – деді Ербол Ғабитов студенттерге қарата. Түрлі құтқару операциясының басы-қасында жүретін сала мамандары қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде қол ұшын беру үлкен жауапкершілікті талап етеді дейді. Расымен де, адам өміріне араша болуды кез-келген адам білсе артық етпейді ғой. Әрі теориялық, әрі практикалық тұрғыда сабақ алған еріктілер сұрақтарын қойып, мамандардан жауаптарын алды.

ЖАДЫРА.Н

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT