АЭС САЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ

 Президенттің халыққа арнаған Жолдауынан кейін елімізде атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өткізу белсенді жүргізіле бастады.

Жақында Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов: «АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб алғашқы жұмысын да бастап кетті. Мәжіліс төрағасы бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтті. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу» деген болатын түркістандықтармен кездесуде.

«Біздің әрқайсымыз балаларымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады», деді ол.

Материалды дайындау барысында елімізге АЭС-тің ауадай қажеттілігін насихаттап жүрген сарапшылардың бірі, ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиевтің сұхбаттарын да мұқият тыңдап шықтым.

– Біріншіден, қазір әлемде ең арзан электр энергиясы көзі мен жасыл энергетиканы қарастыратын болсақ, осы екеуін де АЭС қанағаттандыра алады. Ал Қазақстанға ол ауадай қажет. Екіншіден, 2060 жылы көмірқышқыл газын шығаратын электр энергия көздерінен қосымша салық төлеу міндеттеледі. Өйткені олар экологи яны бүлдіріп жатыр. Олар өндірген кез келген өндірісін шетелге сататын болса, оларға салықты өте жоғары қояды. Ал өндірісті ертеңгі күні салықпен байлап та стамас үшін көмірқышқыл газын шығармайтын, яғни жасыл энергетиканы қолдауымыз керек. Ал ол – атом электр станциясы, - дейді сарапшы.

Қазіргідей геосаяси жағдай да құбылып тұрғанда АЭС-ті қай мемлекеттің салуы да жұртшылықты алаңдатады. Қазір Қазақстанда АЭС салуға 5 елдің – Қытай, Корея, Ресей, АҚШ, Францияның іргелі компаниялары қызығушылық танытып отырғандығы айтылуда.

Саламат БАЗАРБАЕВ,

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT