2 тамыздан бастап Ashyq жобасына қосылмаған кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай нысандар Ashyq қосымшасына қосылмай-ақ жұмысын жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ashyq-сыз жұмыс істейтіндер:
құрылыс жұмыстарын жүргізу;
өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметі;
көлік жуу;
автокөлік,
тұрмыстық техника,
сағат, телефон, компьютер, аяқ киім жөндеу;
тігін ательесі, кір жуатын орын;
химиялық тазарту;
кілт жасау, гүл сататын дүкендер, фотосалондар:
туристік компаниялардың қызметі, бизнес орталықтардағы жекелеген қызмет түрлері:
сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, есепші мен консанлтинг қызметі, жылдымайтын мүлік агенттігі, сот орындаушылар, айырбастау пунктері, ломбардтар және тағы басқа.
Қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету форматында істейді.
Цой Ashyq жобасына қосылмаған барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі уақытша тоқтатылатынын атап өтті. Бұл талап орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ, азық-түлік дүкендеріне, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес. Бұған қоса бұқаралық, спорттық, отбасылық, еске алу және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынған. Мемлекеттік органдарда, кеңселерде, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдарда қызметкерлердің 80%-і қашықтан жұмыс істейді.
Вакцина салдырғандар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырып шыққандарға жұмысқа баруға рұқсат етіледі.
azh.kz