150 «Жасыл ел» еңбек сарбаздары алғыс хатқа ие болды

Орманшылар мерекесі қарсаңында Есболдағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп алдындағы әсем безендірілген алаңда «Орман ел дәулеті, жер сәулеті» атты облыстық ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

Барша әріптестері мен жиналғандарды алдымен облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Бақтығалиұлы Арыстан құттықтады.

Ол облыстағы 52 мың шаршы метр орманды алқаптың өңір экономикасы мен әлеуметтік жағдайын оңалтудағы орны, осы бағытта Н.А.Ноғаев бастаған облыс басшылығының пәрменді қолдауы арқасында қомақты қаржы қаралып, техника мен өрт қауіпсіздігі құрал-жабдықтары, кеңселері белсене жаңартылып жатқанын мақтанышпен баяндады.

Ең бастысы жас ұрпақты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны сүюге, өсіруге баулу ең өзекті тақырыптардың бірі екенін атаған сала басшысы осы ортада өнерін көрсеткен аталған мектепте құрылған «Жас орманшылар» тобына ризашылық білдіріп, мүшесі Қанат Мағзомовқа арнайы белгі табыстады. Ал оқушылар аға буын отырғызған 60 түп ағашты күтіп-баптап, жасыл желекті қорғау жұмыстарына белсене үлес қосатындарына салтанатты түрде ант берді. Бұл ретте басқарма атынан биыл 150 «Жасыл ел» еңбек сарбаздарының бір тобына алғыс хат табыс етілгенін де атап өткіміз келеді.

Индерлік орманшылардың басшысы Талғат Досан осы игі істі қолдаған баршаға алғыс айтып, мектеп жанындағы әрбір отырғызушы атымен аталған жас көшеттерді бұдан былай оқушылармен бірге өздері де қамқорлыққа алатындарына сендірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT