ЖЫЛЫОЙДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапары барысында Жылыой ауданы Тұрғызба ауылындағы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратының ашылу салтанатына қатысты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Екі қабаттан тұратын кешеннің аумағы 4000 шаршы метр. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені күрес, бокс, футбол, воллейбол, баскетбол, үстел теннисі залдарымен қамтылған. Оған қоса сыртқы футбол, баскетбол алаңдары қарастырылған. Барлық құралдар спорттық заманауи жабдықтармен қамтылған. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов спорт кешенінің ашылуымен аудан тұрғындарын құттықтады.

«Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және келе жатқан 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Осындай айтулы мерекелер қарсаңында пайдалануға беріліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне жарасын! Мемлекет басшысы Қазақстан халқына былтырғы Жолдауында дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығына ерекше тоқталған еді»,-деген облыс әкімі, барлық заманауи спорттық құралдармен жабдықталған нысанның ашылуы – аудан үшін айрықша күні екенін атап өтті.

sport-ish

«Жергілікті спортқа мұндай қолдау — өңірдің ішкі мүмкіндіктерін көрсетіп, спорттағы жетістіктерді еселеуге жол ашады. Бұқаралық дене шынықтыруды одан ары дамытуға жағдай жасайды. Бұл — әлеуметтік салада жүзеге асып отырған мемлекеттік саясаттың бір айғағы. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз. Біз дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, алаңсыз дайындалуы үшін жағдай жасауды жалғастыра береміз»,-деді М.Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ауданға жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521