Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында жасөспірімдер ара сында дзюдодан халықаралық жа рыс аяқталды. Қарт Каспийдің арғы бетінде ұйымдастырылған бұл до дада жерлесіміз Мәлік Асылхан 42 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.
- Шәкіртім бұған дейін де бірнеше халықаралық, республикалық жа рыстарда топ жарып жүрді. Болашағынан мол үміт күттіретін спортшы. Бұл додада 6 бірдей қарсыласпен кездесіп, жеңіске жетіп отыр. Сонымен қатар шәкіртім биыл Атыраудағы дарынды балаларға арналған спорт интернатына оқуға түсті. Алар асуы әлі де алда, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Майдан Батанов.