АЗИЯ КУБОГІНДЕ АТОЙ САЛМАҚ

Астанада унифайт спортынан жігіттер арасында Қазақстан чем пионаты аяқталды. Республикалық додаға ауданымыздан 4 спортшы күш сынасып, бәрі де жүлделі орындарды жеңіп алды.

Атап айтқанда, 70 келіде Әділбек Сейісов алтын медаль ұтып алса, 55 келіде Руслан Роллан, 60 келіде Қазбек Жолдасқалиев, 95 келі салмақ дәрежесінде Фархат Серіков күміс жүлдегер атанды.– Финалда өнер көрсеткен жерлестеріміздің бәрі де жақында өтетін Қырғызстан Республикасының Шолпан ата қаласында өтетін Азия кубогына және қазан айында Италия аста насы Рим қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

Ал өзім жақында ғана дзюдо бапкерлігіммен бірге уни файт спортынан Атырау об лысы бойынша аға бапкер бо лып тағайындалдым, – дейді жерлестеріміздің бапкері Майдан Батанов. Унифайт атты жаңа спорт түрін игеріп жүрген индерлік спортшыларға құрлықтық және жаһандық бәсекеде жеңіс тілейміз.

 

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521