Заңсыз митингіге шыққандар ұсталды

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы Ерлан Саданов 21 қыркүйекте заңсыз митингіде ұсталғандар туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингілер өткізуге шақырулар болды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушылық шақыруларға ұшырап, басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады. Осыған байланысты, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ерлан Саденов ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзған, көлік қозғалысын тұрақсыздандырған, сондай-ақ қызметкерлерге бағынбаған және қарсылық көрсеткен заңсыз шеруге қатысушылар жеткізілді. "Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық тәртіп бұзушы жеткізілді. Олардың төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары профилактикалық әңгімелесуден кейін үйлеріне қайтарылды", - деді Ерлан Саденов. Осыған дейін, елордада және Алматыда заңсыз митингіге шыққан 57 адам ұсталғаны туралы айтылған еді.

Әлеуметтік желіде қыз баланың ұсталғаны видеоға түсірілді. Полицейлер оның кәмелет жасқа толғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика