Жасанды интеллект – білім мен дамудың жаңа мүмкіндігі

Президенттің Жолдауында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамытуға ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Бұл – тек технологиялық жаңалық емес, сонымен қатар білім беру мен оқыту жүйесін жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадам.

Мұғалім ретінде айтарым, ЖИ оқушылардың жеке қабілетін ашуға, білімді тиімді меңгеруге және шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі. Цифрлық дағдыларды меңгерген жас ұрпақ болашақта еліміздің инновациялық дамуына үлес қосады.

Сонымен қатар, жасанды интеллектті дұрыс қолдану мәдениеті мен этикасын қалыптастыру да маңызды. Бұл – тек техникалық құрал емес, болашақ қоғамның саналы мүшесін тәрбиелеу тәсілі.

Т. Айтқалиева 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT