Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Президент сұхбатынан басты ойлар
Мемлекет басшысы ел дамуының қазіргі кезеңіне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан реформалар жолынан таймайды – бұл уақыт талабы әрі жалғыз дұрыс бағыт.
🔹 Экономика:
Экономика өсіп келеді, алайда инфляция мен теңсіздік негізгі қауіп болып отыр. Үкімет пен әкімдер босаңсуға жол бермеуі тиіс. Әділ салық жүйесі, қатаң бюджеттік тәртіп – басты басымдық.
🔹 Әлеуметтік әділдік:
Тарифтерді көтеру – қажетті қадам. «Кім көп тұтынса, сол көп төлейді» қағидаты енгізіледі. Ал шын мұқтаж азаматтарға мемлекет атаулы қолдау көрсетеді.
🔹 Инфрақұрылым мен энергия:
Энергетикалық және коммуналдық желілерді жаңғырту басталды. Атом электр станцияларын салу – елдің технологиялық болашағы үшін маңызды шешім.
🔹 Ауыл шаруашылығы:
Субсидиялар қажет, бірақ масылдыққа жол бермеу керек. Кооперация – тиімділікті арттырудың дұрыс жолы.
🔹 Цифрландыру және ЖИ:
2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Қазақстан цифрлық державаға айналуды мақсат етеді.
🔹 Патриотизм:
Нағыз отаншылдық – даңғаза сөз емес, адал еңбек пен елге қызмет ету.
Президент үшін ең маңыздысы –популизм емес, нақты нәтиже. Қазақстан алға қарай батыл қадам басуды жалғастырады.
 
Ақжібек Сабырғалиева,
"Amanat" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT