Инфрақұрылым – өңір дамуының берік негізі

Президенттің 2025 жылғы Жолдауында инфрақұрылымды дамыту елдің әлеуметтік-экономикалық өсімінің басты тетіктерінің бірі ретінде айқындалды. Жол, су, электр энергиясы, байланыс және әлеуметтік нысандардың сапалы болуы – халықтың тұрмыс сапасын арттырудың негізгі шарты.

Инфрақұрылымның жаңаруы әсіресе ауылдық елді мекендер үшін маңызды. Жаңа жолдар мен инженерлік желілердің салынуы, интернеттің қолжетімді болуы білім мен медицинаның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірлер арасындағы теңсіздікті азайтып, халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.

Жолдауда көтерілген инфрақұрылымдық бастамалар жүйелі түрде жүзеге асса, ел экономикасы нығайып, азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады деп сенемін.

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT