Атырау облысында референдум маңызы талқыланды

Әр азамат референдумға қатысып, ел дамуына өз үлесін қосуы тиіс.

«Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов осылай дейді. Атырау облысында «Amanat» партиясының кездесуі өтіп, онда референдумның маңызы талқыланды. Партияның Атқарушы хатшысы мұнай өндіру кәсіпорыны, балық шаруашылығы саласының кәсіпкерлері, жастар және партия активімен жүздесті. Ол алдағы реформалар әрбір азаматқа қатысты екенін жеткізді.

Кездесуде аудан мұнайшылары референдум өткізу қажеттілігін қолдап, бірқатар түйіткілді мәселелерді де алға тартты.

Сондай-ақ Асхат Оралов аймақтағы «Amanat» белсенділерімен және партия жастар қанатының мүшелерімен кездесті. Облыста 106 бастауыш партия ұйымына біріккен 24 мың партия мүшесі бар.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы: - Конституция 1995 жылы қабылданды, содан бері өзгерістер Парламент арқылы енгізілді. Президент халыққа Жолдауында ауқымды саяси реформалар бағытын жариялады және оларды қабылдаудың айрықша құзыретін халыққа ұсынды. Сондықтан 5 маусымда бәріміз дауыс беруге қатысып, азаматтық борышымызды орындауымыз керек.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика