Тұжырым – тәрбие тетігі

2017 жылғы 28 сәуірдегі газеттің бетінде ауданның Құрметті азаматы Самиғолла Ғалымұлының «Тәрбие жұмысының тұжырымы жасалса» атты мақаласы басылды.

Автор бұл мақалада өткен ғасырда тәрбие түрлері біртұтас жүйеге айналғанын, оның «коммунистік тәрбие» деп аталғанын айтады. Бүгінгі заманның тәрбие түрлеріне тоқтап, оларды тұжырымдап біртұтас жүйеге айналдыру туралы ой салады.

Жас ұрпақтың сана-сезімін тәрбиелеу үшін жүйелі және тиімді жолдарын іздестіруді көздейді. Білім беру мекемелері бірігіп, кешенді тәрбие бағдарламасын құрып, бағытын және атын белгілеу керектігін жазады.

Автор болашақ ұрпақтың жағдайына алаңдап «Қандай тәрбие бүгінгі күнде біз беріп жатырмыз, оны қалай атайды? Қандай тиімді тәрбие жолдарын табуға болады?» деп жалпыға ортақ сұрақ қояды.

Жоғары қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің сайтынан тәрбие мәселесіне қатысты маңызды деректі құжаттарды тауып алдым. Қазақстан Республикасы тәрбие Тұжырымдамасы (Концепция)-маңызды деректі құжат, 2006-2011 ж.ж. жасалған екен.

Бұл Концепцияда тәрбие жұмысының стратегиясы, мақсаттары, міндеттемелері, технологиясы анықталған және жоспарды іске асыру бағыты көрсетілген. Тұжырымдамада оқушы Конституциясының құқығы және мемлекеттік саяси бағыты көрсетілген.

Қазақстан Республикасының тәрбие тұжырымдамасында мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы, бостандығы. Қазіргі даму заманында адам-білімді, шығармашыл субъект, ұлылық мәдениет үлгілерінің жеңімпазы, өзінің ынтасымен шығармашылыққа еліктіреді. Тұжырымдаманың мақсаты – жас ұрпақтың тәрбиесіне бірыңғай тұтас жол құру.

Тұжырымдаманың негізінде қазақстандық патриотизмнің сұрақтарын басымдыққа алып, мемлекеттік символдарға құрметпен қарап, рухани-адамгершілік тәрбиесін биік қойған.

Мектептер Қазақстан Республикасының тәрбие тұжырымдамасының негізінде өзара келісіп біртұтас тәрбие бағдарламасын құруға жұмыстану керек. Концепцияда 12 басымдық бағыты бар. Мен оларды бөлім бойынша топтастыруды ұсынамын.

Бүгінгі білім беру процесінде үлкен назар рухани-адамгершілік тәрбиесіне аударылады, сондықтан адамгершілік тәрбиесі және рухани мүдделер барлық жұмыстың жемісі болу керек.

Отбасылық тәрбие-рухани-адамгершілік тәрбиенің ажыратылмас бөлігі. Отбасы мен мектеп өзара жаңа тәрбие моделін құрып ата-ананың құзыретін көтереді. Отбасылық конкурстарды жоспарлап, өнегелі отбасымен ата-аналарды, оқушыларды таныстырған жөн. Отаншылдық тәрбие отаншылдық сезімді оятады. Қазақстандық патриотизмге арналған кешенді шаралар жас ұрпақты төзімділікке, шыдамдылыққа, адамның құқығын, бостандығын құрметтеуге бағытталады.

Туған жердің, туған елдің тарихын зерттеу, салт-дәстүрге сүйіспеншілік тәрбиелеу-патриотизмнің ерекшелік қасиеті. Бағдарламада киелі қасиетті жерлерге туристік саяхат жоспарланғаны жөн. Мысалы, Сарайшыққа, Индердегі тұзды көлге, облыстық тарихи-өлкетану музейіне және боздақтар, археологиялық ескерткіштеріне, әдеби мұраға, т.б.

Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеу және құрметтеу-болашақ ұрпаққа даруы тиіс дәстүр. Рәміздерді қастерлеу-Отанды және мемлекет мүддесін қорғау. 

Эстетикалық тәрбие-рухани адамгершілік құндылықтарды сұлулық арқылы іске қосады. Басты міндет-тұлғаны өнер әдісімен дамыту. Тамаша тұлғалардың өмірімен таныстыру жастарға өнеге болады. Мысалы, Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы өнер музейіне саяхат жоспарланса оқушылар жергілікті талантты суретшілерСариев Шаймарданның, Халин Тілектің, Жантасов Әділхайырдың, Слекенов Рафаэльдің, т.б. шығармаларымен танысып, үлкен әсер алар еді. Мәдени мұра-әрбір ұлттың және барлық адамзаттың ұлы байлығы.

Халықтық педагогика-рухани-адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі. Семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар ойшыл санаулы тұлғаларға арналған (Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев), репрессияға ұшыраған Алаштың зиялы өкілдеріне (А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов) қазақ ғалымдарының халық педагогикасының зерттеуге қосқан маңызды үлесін ашады.

Халықтық педагогикасын зерттеуі жаңа бағыт педагогика ғылым-этнопедагогика дүниеге келуіне себеп болды. Қазақстан халқының салт-дәстүрі жастардың тәрбиесіне әсер ететінін есімізден шығармауымыз керек. Кешенді тәрбие бағдарламасында әрбір ұлттың, этникалық топтардың салт-дәстүрі орын алса, мазмұнды шаралар салт-дәстүрге құрметпен қарауды дарытады.

 

Бақыт ҚАРЕКЕШОВА,

білім саласының ардагері,

Қазақстан білім беру ісінің үздігі.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика