«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас толысымы алғашқы атыстарын жүргізді

Ақтөбе, Атырау және Бейнеу гарнизондарының 200-ден астам әскери қызметшілері алғашқы жауынгерлік атыстарын өткізіп, «Атлетизм. Табандылық. Батылдылық» кедергілер жолағын бағындырды.

Атыс жаттығулары жас толысымдағы сарбаздрдың даярлық үрдісінің шешуші кезеңдерінің бірі болып табылады. Әскерилер бұл іс-шараны «оқ-дәрінің иісін сезуі» деп те айтады.

img-20210514-wa0027

- Жас толысым сарбаздарының алғашқы әскери дайындығы бірнеше кезеңнен тұрады және 24 күнге созылады. Осы уақытта сарбаздар тактикалық, атыс, дене шынықтыру және атыс дайындығы сияқты пәндердің негізгі түсініктерімен танысады. Сондай-ақ, әскерге шақырылушылар саптық жаттығу элементтерін, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларын және жалпы әскери ережелерді меңгереді, - дейді жас сарбаздар взводының командирі лейтенант Ғазиз Ерсейітов.

img-20210514-wa0022

Бірінші ату нәтижелері бойынша ең жақсы нәтижені 100-ден 93 ұпай жинаған қатардағы жауынгер Ермек Мұханалин көрсетті.

- Мен командирлерімнің барлық нұсқауларын орындадым. Келесіде мен өз нәтижемді жақсартуға тырысамын. Біз жауынгерлік дайындықтың негіздерін қызығушылықпен үйреніп, ант беруге дайындалып жатырмыз. Біздің аймақтан келген жігіттердің көпшілігінде Отанға қызмет етуге деген үлкен ықылас бар деп ойлаймын», - дейді жас сарбаз.

img-20210514-wa0023

img-20210514-wa0025

Атыс жаттығуларынан кейін әскери қызметшілер қалыптасып қалған әскери салт бойынша «Атлетизм. Табандылық. Батылдылық» кедергілер жолағынан өтті.

img-20210514-wa0026

Жас толысым сарбаздары Қарулы Күштер қатарына келген алғашқы күннен бастап әскери істі үйренуді бастап кетеді.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521