Сүт безі обырын анықтайтын скрининг

Сүт безі обыры - әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі дерт әрі өлім деңгейі де өте жоғары.

Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің 2021 жылдың бірінші тоқсаны бойынша берген мәліметіне сәйкес облыста сүт безі обырына шалдыққан – 879 науқас есепте тұр, олардың ішінен диагноз бірінші рет қойылғандар саны – 23 науқас. Сүт безі обырынан көз жұмғандар саны – 3 адам.

img-20210413-wa0044

Сүт безі обырын анықтайтын скрининг әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қатерлі ісікті ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Скринингтің мақсаты - белгілері әлі білінбеген обырды ерте анықтау және емдеу.

       • 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс.

       • Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан тұрақты түрде өтіп отырған абзал.

       • Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.

       • Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендерде тексеріледі.

«Скринингтік зерттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қамтитын қызметтер қатарына кіреді, сонымен қатар ТМККК аясында да жүргізіледі. Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика