banner_damu

«Pfizer» вакцинасын мектеп асханаларындағы сусындар мен тамаққа қоспайды: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде таратылған жалған хабарды жоққа шығарды.

"Ата-аналардың чаттарында бірнеше күн бойы мектеп асханаларындағы тамақ пен сусындарға "Pfizer" вакцинасы қосылуда" деген жалған хабарлама таралуда. Жалған мәліметте вакцина қосылған тамақты қабылдаған балаларда қауіпті аурудың белгілері, яғни, жүрек айну және құсу байқалуда.

- What's App желісінде дыбыстық хабарлама таратқан белгісіз әйел "Pfizer" вакцинасы балаларға мұрын тамшылары арқылы да енгізілуде деп мәлімдейді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі, "Pfizer" компаниясы өндіріп отырған "Комирнати" вакцинасының әр құтысы 6 адамға арналған. Және вакциналар медициналық орындарда арнайы мұздатқышта сақталуда.

Вакцина 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ата - аналардың келісімі бойынша иыққа салынады, вакцинаның мұрын тамшылары мен спрей түріндегі баламалары жоқ, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жалған және дәйексіз ақпарат таратушыларға ҚР ҚК 274-бабына сәйкес жаза көзделген. Құқық бұзушыны іздеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика