Мемлекеттік қызметші медициналық тексерістен тегін өтті

Жақында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен денсаулық және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызметшілердің «Денсаулық – бір айлық» акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын 98 мемлекеттік қызметші аудандық емханадан профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Олар қандағы қант мөлшері, қан қысымы, әйелдер және ерлер алдын алу кабинеттері, флорография, хирург, көз дәрігері, кардиолог, терапевт, тағы да басқа дәрігерлерден тексерілді. Сонымен қатар, елімізде тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталуына орай, тексерістен өткен мемлекеттік қызметшілер қалауы бойынша тұмауға қарсы екпе алды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT