МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛДЫ

Жылма-жыл ерекше көңіл-күйде аталып келе жатқан «Медицина саласының қызметкерлері» күні биыл да өз жалғасын тауып, өзгеше жоспармен басталған.

Екі күнге созылған мерекенің алғашқы күні орталықтағы «Тұмар» мейрамханасында салтанатты шарамен басталып, оған ауданмен қоса, Елтай, Жарсуат, Көктоғай т,б ауылдық округтерден барлығы 200-дей медицина қызметкерлері қатысты. Шараны аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева ашса, аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ауырғанда қасынан табылып, қол ұшын беретін ақ халаттыларға жүрекжарды тілек арнап, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады. «Үлкенің ардақтаған ел озады» демекші, шараға сала ардагерлері де қатысып, зейнеткерлікке шығып жатқан лор медбикесі Хадиша Зейінқызына да құрмет көрсетіліп, соңғы толқын қызметкерлермен таныстырылды.

Екінші күн Сарайшық ауылдық округіне саяхатқа аттанып, онда мелекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көне тарихымен танысумен басталған. Еліміздің тұнған естелігін баурайына басып жатқан тарихи өлке де мереке иелеріне ауыз толтырып айтарлықтай жақсы көңіл-күй сыйлады. Бас ембике Сәния Ахметова: - Өте тамаша жер екен, маған өте қатты ұнады. Біз мерекеге орай 40-қа жуық орта, кіші буын қызметкерлер болып саяхатқа барып қайттық. Музей ішіндегі мамандардан көп мағлұмат алдық, әсіресе 7 хан қасындағы соғыстан қайтпаған батырлар ескерткішіне айналған тастар естелігі мені қатты толғандырды. Жылағым да келді, - дей келе, ата-енелеріне шай құюдан босамайтын келіндерге өз қолынан шай құйып бергенін айтып, бір күліп алды.

"Дендер"-Ақпарат.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT