Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
- Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
- Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
- Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1.Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2.Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
3.Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
4.Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.
Тамақ тапшылығы негізінен ет, сүт және жеміс-жидек көкөніс тәрізді тамақ өнімдерінің санаттарына қатысты, С, А, Е витаминдерін және бірқатар микроэлементтерді (темір, селен) жеткіліксіз тұтынуға әкеп соғады.
Дұрыс тамақтану проблемаларының баланың толық дамуын, оның инфекциялық ауруларға қарсы қабілетінің тұрақтылығын, сондай-ақ бала емізетін аналар денсаулығының жоғары деңгейін және онкологиялық патологияның бірқатар нысандарының алдын алуды қамтамасыз ететін жетекші фактор ретінде мағыналық маңызы бар.
Дұрыс тамақтану жөнiнде жалпы ұсыныстар:
-әртүрлi тамақ тұтыну; дененiң бiрқалыпты салмағын ұстап тұру;
-аса майлы және холестеринi мол тағамды аз тұтыну рациондарда витаминдер құрамының (көкөнiстер, жемiстер, дәндер) жеткiлiктi болуы;
-қантты, тұз бен натрийді қабылдауды шектеу болып табылады.
Фаст-фуд қызметін және тез тамақтануды пайдалану халық денсаулығының жай-күйіне жағымсыз әсер етеді, олар әрдайым рационалды тамақтану қағидаттарына сәйкес келмейді.
Департаменттің facebook, instagram әлеуметтік желілерінде, "Атырау ақпарат" жаңалықтар порталдарында ақпараттық материалдар жариялау, "Атырау", «Прикаспийская коммуна» баспа басылымына мақала беру арқылы тамақтан улану мен инфекциялық емес аурулардың алдын алу, тамақ өнімдерінде тұз, қант, трансжирларды қолдану мөлшерін шектеу бойынша, фортификацияланған ұнды пайдалану қажеттігі туралы санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.
-Барлық қала, аудан аумағында, ірі сауда үйлерінде, супермаркеттерде, базарларда "Қауіпсіз өнімді таңда" акциялары, "ұнды фортификациялау" бойынша семинарлар ұйымдастырылды.
-2023 жылы "Қауіпсіз өнімді таңда" акциясы аясында 30 іс - шара өткізілді, 50 азық-түлік өнімі зерттелді, оның ішінде сәйкес келмейтіні жоқ, 35 семинар өткізілді және 54 дәріс оқылды.
А.Бекешева,
Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары