Атырауда ЖИТС-пен күрестің бүкіләлемдік күніне арналған онкүндік басталады


Елімізде 20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» деген ұранмен  АИТВ (ВИЧ)-инфекциясына қарсы шаралардың онкүндігі өтеді. Шараларға үкіметтік емес ұйымдар, жастар, халықтың түйінді топтарын қатыстыру жоспарланған. 
Атырау облыстық АИТВ мен күрес орталығы мамандары жыл сайын акцияның ауқымды өтуіне жағдай жасайды. Сол үрдіс биыл да жалғасын тауып, қаладағы бірнеше оқу орындарының студенттері арасында түрлі шаралар өткізіледі. Қоғамдастықтар ЖИТС-ке қарсы күреске белсене атсалысса, ЖИТС індетін жеңуге болады. Олар қазір қоғамның барлық саласына араласып, біртіндеп адамдардың сеніміне ие болып келеді. Қазір Атырау облысында осы бағытта 1 үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасап отыр. Болашақта қоғамдық ұйымдардың санын арттыру мәселесі де күн тәртібінде тұр.  
Кей кездері қаржының жеткіліксіздігі, саяси және құқықтық шектеулер, кейбір жерлерде адам құқықтарының сақталмауы - мұның бәрі АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу қызметтерін алуға кедергі келтіреді. Егер бұл кедергілер жойылса, қоғамдастықтар АИТВ-мен күресуге үлкен серпін беріп, ЖИТС-ті жеңуге өз үлесін қосар еді.
ЖИТС-пен күрестің бүкіләлемдік күні – бұл жәй ғана қоғамдық жетістіктерді атап өту ғана емес, бұл – қоғамдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, оларды осы күресті  бастауға шақыру. Ол үшін қажетті шаралар:
·       АИТВ індетіне қарсы барлық бағдарламалар мен жоспарларда, оларды қаржыландыру, енгізу, бағалау кезінде  қоғамдастықтардың жетекші  рөлін бекіту.
·       Қоғамдастықтардың жетекші рөлін  толық қаржыландыру  және қолдау арқылы АИТВ-ға қарсы іс-қимылды және оның нәтижелілігін күшейту.
·       Осы жолда қоғамдастықтар алдындағы барлық кедергілерді жою. Қоғамдастықтардың  АИТВ-ның алдын алумен байланысты қызметтерін  ұсынуы үшін барлық құқықтық-заңды тетіктерді жасақтау
ЖИТС-пен күрес күнінің биылғы «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» атты ұраны  тек қана 1 желтоқсанда емес қараша айынан басталатын барлық шараларда да, одан кейін де жалғасатын болады.
ЖИТС-ті жеңуге болады және ол біздің қолымызда!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT