Атырауда Covid-19 жұқтырғандар саны 70-ке жетті

 Дәрігерлер коронавирустық инфекцияның өңірдегі ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Атырауда коронавирус жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркелді. 42 жастағы жергілікті тұрғын бұрын Covid-19 дертіне шалдыққан адаммен байланыста болған. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды, жағдайы қалыпты. Оған хаттамаға сәйкес ем шаралары жүргізілу үстінде.

Осылайша, Атырау облысында вирус жұқтырғандар саны 70 адамға жетті, ал 12 адам жұқпадан айығып кетті. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда - 58, провизорлық стационарда - 17, карантиндік стационарда - 406 адам бар.

Сондай-ақ, үй карантиніне 819 адам жатқызылған.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика