Атырауда Covid-19 індетінен жазылып шыққандар саны 130-ға жетті

Атырауда Covid- 19 жұқтырған науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылды. 65 жастағы ер адамның жағдайы тұрақты деп бағалануда, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Штаб мәліметінше, 14 мамырда 1955 жылғы науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылған.

Қазіргі уақытта Теңіз кеніші қызметкерінің жағдайы тұрақты, оған тиісті хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.

- Одан бөлек, жансақтау бөлімінде жатқан Теңіз кенішіндегі тағы екі жұмысшының да жағдайы жақсарған. Олар 14 мамыр күні инфекциялық стационардан шығарылды, - деді жедел штаб.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 130 адамға жетті. Ал, қауіпті індетке 474 адам шалдыққан.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика