Атырауға 40 санитарлық автокөлік келеді

Бүгінде облыстағы медициналық ұйымдарда 41 жедел жәрдем автокөлігі қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

- Қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизинг бойынша 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, өзіміз де жуық арада тағы 15 көлік алуды жоспарлап отырмыз. Бұнымен мәселе толық шешімін табады деген сөз емес. Әлі де көптеген жұмыстар атқарылады, - деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта өңірде емханалар жанынан 61 мобилді бригада жасақталған. Үйдегі COVID-19 инфекциясының симптомсыз және жеңіл түрімен ауырған науқастарға амбулаторлы ем жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521